Математика 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері:
А) ақпараттық құзыреттілік: Сандарды ауызша көбейту және бөлу тәсілдері туралы ақпарат беру.
Ә) коммуникативтік құзыреттілік: Сандарды ауызша көбейтуге берілген есептерді шығаруға дағдыландыру, тиімді тәсілмен есептеуді үйрету. дамыту. Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Б) проблеманы шешу құзыреттілігі: Есептеулер арқылы оқушыларды бір - біріне көмек бере білуге, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тапқырлыққа, бірлікке, өз бетінше тапсырма орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Білім беруді ізгілендіру, сұрақ - жауап, практикалық
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, орындату, салыстыру, есептеу.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі
Оқыту құралдары: оқулық, тақта, бор үлестірмелі материал.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі Амандасу, түгендеу;
оқу - құралдарының дайындығын, кезекшінің жұмысын тексеру;
сабақтың мақсат - міндеттерін таныстыру; бүгінгі сабаққа оқушылардың қызығушылығын ояту, назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
Қайырлы таң досым!
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күнсейсенбі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, үйге берілген тапсырманы орындадық па? Орындасақ, сынып болып талдайық?!
III. Өткен материялды қайталай отырып, жаңa материалға дайындық
Математикалық диктант.
1. Ең үлкен бес таңбалы санды ата.
2. Ең кіші төрт таңбалы санды ата.
3. Ең үлкен төрт таңбалы сан мен ең кіші төрт таңбалы санның айырмасын тап
4. 450635 санын разрядтық қосылғыштарға жікте.
5. 3 тәул. = сағ
6. 1 км: 50м = м
7. Жолаушы жолда 1 тәулік 6 сағат болды. Ол жолда барлығы неше сағат болды?
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері. жүктеу
Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз654 қаралым
#ашық сабақ математика#ауызша көбейту мен бөлу тәсілдері
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

