Күн сайын бір авокадо жеу «жаман» холестерин деңгейін төмендетіп, қан тамырларын бляшкалардан қорғайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Пенсильвания штатының университетінің ғалымдары іштік семіздігі бар ересектерге күнделікті рационға бір авокадо қосу тығыздығы төмен липопротеиндердің (ЛПНП) ұсақ тығыз бөлшектерінің концентрациясын төмендетуге көмектесетінін анықтады. Мұндай холестерин түрі ең қауіпті, себебі ол артерия қабырғаларына оңай еніп, бляшкалардың пайда болуына ықпал етеді.
Зерттеуге 25 жастан асқан 786 адам қатысты. Қатысушылардың жартысы әдеттегідей тамақтанса, екінші топ алты ай бойы күн сайын бір авокадо жеді. Нәтижесінде жеміс әуесқойларында қауіпті ЛПНП бөлшектерінің концентрациясы орта есеппен литріне 49 наномольге төмендеді. Авторлардың бағалауынша, мұндай қарапайым тамақтану әдеті жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін шамамен 4%-ға төмендетуге қабілетті. Оң әсер қатысушылардың жасына, жынысына және нәсіліне қарамастан байқалды. Сонымен қатар, сыналушылардың дене салмағы мен бел шеңбері өзгермеген.


