Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Австрияда білім алудың артықшылықтары мен болашағы

Австрия — кемеңгер ғалымдар мен әйгілі композиторлардың, дарынды суретшілер мен әдебиетшілердің отаны ғана емес, бұл бай мәдени дәстүрлері заманауи технологиялармен астасып жатқан ең көне еуропалық университеттердің отаны. Австрияда оқуға ТМД елдерінің абитуренттері ерекше қызығушылық танытады. Өйткені бұл университетке түсу жеңілдетілген тәртіппен жүргізілетін еуропалық аз елдердің бірі. Австриядағы ЖОО-алды дайындық бөлімдеріне мектептен кейін, неміс тілін білмесе де бірден түсуге болады. Дайындық бөлімінде оқығандар студент мәртебесін алады да, университет ұсынған студенттік жеңілдіктерді белсенді түрде қолдануға, әртүрлі тілдік курстар мен спорт секцияларын қатысуға мүмкіндік алады. Австрия университетіне кез-келген жаста түсуге болады. Германия мен Швейцария университеттерінен айырмашылығы, Австрия жоғары оқу орындары мектеп аттестатының өту ұпайы негізінде бағалау конкурсын өткізбейді. Австриядағы жоғары оқу орнына түсуге шешім қабылдағандар үшін тағы бір жағымды жаңалық шектеулі орындар мен қабылдау сынақтарының (шығармашылық мамандар, психология, медицина, экономикадан басқа) болмауы. Сонымен қатар австриялық ЖОО-дағы бір семестр оқудың құны 360-720 евро.

Австрияда білім алу келесі мүмкіндіктерге жол ашады:

- Салыстырмалы түрде аз ақшаға сапалы жоғары, екінші жоғары немесе диплом алды білім алу

- Еуропалық фирмаларда оқу тәжірибесінен өту

- Халықаралық үлгідегі беделді диплом алу

- Еуропада еш кедергісіз және арзан саяхат жасау

- Театрға, киноға, көрмелерге және т.б. жерлерге барған кезде студенттік жеңілдіктерді пайдалану

- Оқуды әртүрлі белсенді демалыстармен қатар алып жүру

- Өз бетінше ақша табу – Австриядағы студенттердің жұмыс істеп, ақша табуға құқылары бар

Кейбір ағылшын тілді бағдарламалардан басқа австриялық университеттердегі барлық сабақтар неміс тілінде өтеді.

Неміс тілі бойынша білімі университеттің талап ететін (В2-С1) деңгейіне жеткен кезде, студент мамандығы бойынша білім алуды бастай алады.

Австриялық ЖОО дипломдары Еуропада да, отандық еңбек нарығында да қажет. Шетелде тұру және немісше сөйлеу тілін білуіңіз еліңіздегі мансап жолындағы мүмкіндіктеріңізді бірнеше есе арттыратынын сенімді болыңыз. Егер түлек университетті аяқтағаннан кейін Австрияда қалып, жұмыс істеймін деп шешсе, онда оған жұмыс іздеу үшін жарты жылдық мерзімге виза беріледі. Жұмыс табылғаннан кейін Қызыл-Ақ-Қызыл картаны – жұмыс істеу құқымен берілетін ықтияр хат алу ғана қалады. Австрия ЖОО-да оқу жүйесі отандық оқу жүйесінен өзгеше болады. Мұнда суденттер бір семестрдегі оқу жоспарын өздері жасайды және өздері барғысы келетін немесе уақытына сәйкес келетін дәрістерді ғана таңдайды. Өйткені студенттердің көпшілігі оқу мен жұмысты қатар алып жүреді. Бұл жүйенің көптеген артықшылықтары бар. Алайда оқу семестрінің дұрыс жоспарланбауы салдарынан білім алу ұзаққа созылып кетуі мүмкін.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама