Қазақстанда автокөлік иелері сақтандыру қызметтерін ұсыну арқылы табыс табу мүмкіндігіне ие болды: Freedom SuperApp арқылы алғаш рет ОГПО ВТС полисін рәсімдеген әрбір досы үшін 8 мың теңгеге дейін кешбэк алуға болады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
«СК Freedom Insurance» АҚ-ның жаңа рефералдық бағдарламасы пайдаланушыларға тек міндетті автосақтандыруды рәсімдегені үшін ғана емес, жаңа клиенттерді тартқаны үшін де сыйақы алуға мүмкіндік береді. Механика қарапайым: пайдаланушы қосымшада промокод алып, оны досына немесе туысына жібереді. Егер жаңа клиент Freedom SuperApp арқылы алғаш рет ОГПО ВТС полисін рәсімдеп, промокодты қолданса, шақырған адамға 8 мың теңге, ал жаңа клиенттің өзіне 1 мың теңге беріледі.
«Енді міндетті автосақтандыруды рәсімдеу — бұл тек ыңғайлылық пен сақтандыру қорғанысы ғана емес, сонымен қатар Freedom SuperApp-ты достарыңыз бен жақындарыңызға ұсыну арқылы табыс табу мүмкіндігі», — деді «СК Freedom Insurance» АҚ өнімдерді және бизнес-процестерді дамыту департаментінің директоры Тахмина Амраева.
Шақырулар саны шектелмеген, сондықтан пайдаланушы оның промокоды бойынша полис рәсімдеген әрбір жаңа клиент үшін сыйақы ала алады. Кешбэк бірнеше шарт орындалғанда беріледі: дос Freedom SuperApp арқылы алғаш рет ОГПО ВТС полисін рәсімдеуі керек; промокодты тек бір рет қолдануға болады; қолданыстағы полис ұзартылған немесе қайта рәсімделген жағдайда сыйақы есептелмейді; рефералдық кешбэк Freedom SuperApp-тың қолданыстағы бонус бағдарламасының бонустарына қосымша есептеледі.
ОГПО ВТС — Қазақстандағы көлік құралдары иелері үшін міндетті сақтандыру түрі. Полис жүргізушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қамтиды: егер оның кінәсінен жол-көлік оқиғасы болса, сақтандыру компаниясы заңнамада көзделген сомалар шегінде зардап шеккен тарапқа шығынды өтейді.
Бұған дейін Қазақстанда ұқыпты жүргізушілер сақтандыру үшін аз төлей алатыны хабарланған болатын.


