Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Авиация және авиасаяхаттар жайлы қызықты деректер

Бүгін біз сіздермен авиация, оның ішінде авиасаяхаттар жайлы қызықты деректермен бөліспекпіз. Көбіміз ұшақпен ұшып көрдік, ал кейбірі болашақта ұшпақ ниетте. Қалай болғанда да, деректер өте қызық.

Ұшақ – ең қауіпсіз қатынас көлігі болып есептеледі.

Голландық KLM авиакомпаниясы әлемдегі ең көне болып саналады, ол 1919 жылдың 7 қарашасында негізін қалаған.

Ұшақ бортындағы тұңғыш стюардесса Эллен Черч болады. Қыздың медициналық білімі және ұшақты басқара алатын куәлігі болады. 1930 жылы «Boeing Air Transit» авиакомпаниясына жұмысқа қабылдауға өтініш тастағанда, ондағылар қуана қарсы алады. Қыз, өзінің тікелей міндеттерінен өзге, бактарды жанармаймен толтыратын, жүк таситын, ұшқыштың бөлмесіндегі сағатты жылжытатын, шыбындарды өлтіретін және т.б.

Бұған дейін, екі жыл бойы ұшақтарда тек ер бортсеріктер жұмыс істеген, оның ішінде, тек неміс ұшақтарында.

Әр әуежай халықаралық авиация жүйелеріне сәйкес латынша үш әріпті кодқа ие. Ресейде бұл код кириллиацмен жазылған. Уфа – аты халықаралық жүйеде де бірдей жазылатын жалғыз әуежай: УФА – UFA.

Копенгаген мен Саранск жайлы қызықты бір дерек. Бұл әуежайлардың код әріптері бірдей. Тек Копенгагенде ол латынша жазылған да, Саранскте кириллицада - СРН.

Батыс авиакомпанияларының жолаушылар ұшағының көбінде он үшінші қатар жоқ.

«British Airways» авиакомпаниясы акциясының бір бөлігі Англикан шіркеуіне тиесілі.

Ғалымдар ұшақ қозғалтқышының шуы тамақтан алатын дәм сезімін өзгертеді дейді. Тамақ біршама қытырлақ, бірақ тұзы аздау және дәмдірек көрінеді.

Оңтүстіккорейлік Инчхон қаласындағы әуежайдан 4, 13 және 44-ші шығу есіктерін таппайсыз. 13 саны не үшін жоқ екені түсінікті болса, 4 өлім сөзімен үндес екен.

Статистика бойынша, нақты апатқа ұшырайтын ұшаққа отыру үшін адам 13 жыл бойы күнде ұшуы керек, сонымен қатар, 10 жағдайдың бірінде ғана тірі қалу мүмкіндігі бар. Яғни, онның бірі ғана ажалды болуы мүмкін.

Әр отыз үшінші жолаушы аэрофобиядан зардап шегеді.

Ұшу кезінде ең жүйкеге тиетін әрекет - артта отырған көршіңнің креслоның арқасын тепкілеп отыруы.

Халықаралық әуежайларда ұшатын ұшқыштар диспетчерлермен тек ағылшын тілінде сөйлеседі.

Әуежайлардың көбі АҚШ аумағында орналасқан – 14 жарым мыңнан астам.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама