Қазақстандық ауыр атлетші Аянат Жұмағали Азиада-2026-ның 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды. Қоссайыс қорытындысы бойынша ол 246 келіні бағындырып, Қазақстан құрамасына осы турнирдегі ауыр атлетикадан алғашқы медалін сыйлады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Жұлқу жаттығуында Жұмағали 109 келіні тіркесе, серпуде 137 келі салмақтағы штангіні мүдірмей көтерді.
Алтынды қытайлық Хэ Жэньсю жеңіп алды – 258 келі (118+140). Қола жүлдені Ираннан келген Рейхане Карими иеленді, оның қосындысы 243 келі (107+136).
АЗИАДА-2026
27 қыркүйек. Ауыр атлетика. 77 келіге дейін. Әйелдер
🥇 Хэ Жэньсю (Қытай) – 258 келі (118+140)
🥈 Аянат Жұмағали (Қазақстан) – 246 келі (109+137)
🥉 Рейхане Карими (Иран) – 243 келі (107+136)
Бұған дейін бүгін тұғырға Арай Нұрлыбекова шыққан болатын. 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшы жұлқуда 98 келі, серпуде 118 келі көтерді. 216 келілік қосынды оған жетінші орынды әперді.
Жапониядағы XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте ресми түрде ашылды. 45 елдің спортшылары қатысатын жарыста 460 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Азиада-2026-да Қазақстан құрамасының намысын 35 спорт түрінен 558 спортшы қорғауда.
Азиада-2026 шолулары: 1-күн, 2-күн, 3-күн, 4-күн, 5-күн, 6-күн, 7-күн.


