Сабақтың тақырыбы: Айқас түзулардің арақашықтығы
Сабақтың мақсаты: кеңістіктегі екі нүкте, нүкте мен түзу, нүкте мен жазықтық, екі айқас түзулер арасындағы қашықтықты, параллель түзу мен жазықтық, параллель түзулер, параллель жазықтықтар арасындағы арақашықтықты анықтай алу.
Түрі:
Типі: Аралас сабақ
Әдісі: Баяндау, практикалық.
Барысы: Үйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ: Түсіндіру
Анықтамалар
1) Екі нүктенің арақашықтығы деп оларды қосатын кесіндінің ұзындығын айтамыз.
2) Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деп сол нүктеден түзуге түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтамыз.
3) Параллель түзулердің арақашықтығын анықтау үшін олардың бірінде жатқан нүктеден екіншісіне түсірілген перпендикулярдың ұзындығытабамыз.
4) Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық деп сол нүктеден жазықтыққа түсірілген перпендикулярдың ұзындығын айтамыз.
5) Параллель жазықтықтардың арақашықтығын анықтау үшін олардың бірінде жатқан нүктеден екіншісіне түсірілген перпендикулярдың ұзындығын табамыз.
6) Айқас түзулердің арақашықтығы деп олардың ортақ перпендикулярының ұзындығын айтады.
Айқас түзулердің ортақ перпендикуляры деп ұштары осы түзулерде жататын, түзулердің әрқайсысына перпендикуляр болатын кесіндіні айтамыз. Кез келген екі айқас түзудің бір ғана ортақ перпендикуляры бар болады.
Айқас түзулердің арақашықтығы Анықтама. Айқас түзулердің арақашықтығы деп олардың ортақ перпендикулрының ұзындығын айтады А Х У β b
Айқас түзулардің арақашықтығы. жүктеу
Айқас түзулардің арақашықтығы
Сабақтың тақырыбы: Айқас түзулардің арақашықтығы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз830 қаралым
#кеңістіктегі екі нүкте#нүкте мен түзу#нүкте мен жазықтық#екі айқас түзулер арасындағы қашықтық
Ұсынылады
Қазақстанда Аналар күні аталып өтті: Ананың рөлі мен мемлекеттік қолдау
Қазақстанда Аналар күнін атап өту аясында аналарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен ананың қоғамдағы рөлі туралы статистикалық мәліметтер жарияланды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 10 мамыр
85 жастағы Қарағанды тұрғыны арнайы білімі болмаса да, күрделі математикалық есептерді шешеді
Ермекбай Жолдыбеков есімді қария натурал сандарды қосудың өзіндік әдісін ойлап тауып, ғылыми жарияланымдарда жарық көрген.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 5 наурыз
Математика – халық ауыз әдебиетінде
Математика – халық ауыз әдебиетінде
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

