Азаттық деген - болашақ
Азаттық деген не десең,
Арманы елдің жайдары.
Кеңеюі үшін керегең
Кеңескен баба ойлары.
Шайқас қып майдан алаңын
Ұлдарың жүрді үнемі.
Азаттық сол кез ананың
Тілеген аппақ тілегі.
Оята берер әр таң боп,
Азаттық - ұлттың жүрегі.
Ол елге бір кез қалқан боп
Қорғаған ердің білегі.
Азаттық десіп шырқар мың -
Естіліп солай тұр үні.
Ол ерлер мінген тұлпардың
Тұяғының ыстық дүбірі.
Санада жатқан сан жолы,
Өткеннің жоқ қой алысы.
Азаттық деген - ар жолы,
Қара көз қыздың намысы.
Азаттық жайлы сен де ұқтың,
Әлемге ол даңқын жаяды.
Кешегі ол өткен ерліктің
Бүгінгі нүкте, баяны.
Өткеннен алған тағылым
Азаттық деген - бүгінің.
Сәбиге берер тәлімің,
Сәбиге берер білімің.
Көтерер ертең желкенін
Бүгінгі сәби, бала шақ.
Азаттық деген - ертеңің,
Азаттық деген - болашақ.
Азаттық қымбат - соны ұқтың,
Ортақ ол жасқа, кәріге.
Әлемде әрбір халықтың
Азаттық қымбат бәріне.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Азаттық деген - болашақ
Азаттық деген - болашақ
2024 ж. 5 наурыз677 қаралым

#азаттық#16 желтоқсан тәуелсіздік күні#тәуелсіздік туралы өлең шумақтары
Ұсынылады
Қазақстанның Ыстықкөлдегі жаңа бес жұлдызды санаторийі қашан ашылады?
Қазақстан Республикасы Президенті істерін басқару медициналық орталығы Ыстықкөл жағалауындағы «Қазақстан» санаторийін жаңарту жұмыстарын аяқтап, қараша айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
2026 ж. 26 мамыр
Зейнеткерлерге мемлекет есебінен санаторий жолдамалары: кімдерге, қандай шартпен?
Қазақстандық зейнеткерлер мемлекет есебінен тегін немесе жеңілдікпен санаторийге бара алады. Бұл мүмкіндік кімдерге беріледі және қандай талаптар бар екенін біліп алыңыз.
2026 ж. 24 наурыз
Қазақстандық зейнеткерлер мемлекет есебінен санаторийге бара алады: кімдерге, қандай жағдайда?
Еліміздің зейнеткерлері тегін немесе жеңілдікпен санаторийге жолдама алу мүмкіндігіне ие. Бұл мүмкіндіктер қалай жүзеге асады және кімдерге қолжетімді екенін біліңіз.
2026 ж. 14 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

