Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы заңнаманы ауқымды реформалауға кірісті. Бұл өзгерістер бизнес үшін ойын ережесін түбегейлі жаңартпақ. Ведомство «жұмсақ құқық» тәжірибесінен бас тартып, тергеу мерзімін үш айдан тоғыз айға дейін ұзартады, қажет болса тағы үш айға созуға мүмкіндік бермек. Сонымен қатар бұзушылардың жылдық табысының 0,5 пайызы мөлшерінде айналым айыппұлы енгізіліп, баға келісіміне барғанын мойындағандарға иммунитет беріледі, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы АЗРК төрағасы Марат Омаров Алматыда өткен XVI Қазақстандық заң форумында мәлімдеді.

Өзгерістерге ЭЫДҰ сараптамалық шолуының ұсынымдары түрткі болды. Халықаралық сарапшылар алдын алу шараларына – хабарлама мен ескертуге – шамадан тыс сүйену жазаның тежеуші күшін айтарлықтай әлсіретті деген қорытындыға келді. Соның салдарынан компаниялар алғашқы бұзушылық қатаң санкцияға әкелмейді, істі өз еркімен, жеңіл жабуды әдетке айналдырған.

Бұл теңгерімсіздікті түзету үшін АЗРК жұмсақ ескерту жасалатын бұзушылықтар тізімін қысқартып, оларды жоғары шоғырланған нарықтарда мүлдем қолданбайтын болады. Сондай-ақ қайталап бұзу мерзімі бір жылдан екі жылға ұзартылады.

«Тағы бір өзгеріс жауапкершіліктен босату бағдарламасына – Leniency қатысты. Агенттікте өтініш берілгенге дейін картель туралы ақпарат болмауы және барлық залалды алдын ала өтеу талабын алып тастау ұсынылып отыр. Картельді өз еркімен ашып, бұзушылықты мойындаған бірінші қатысушы жауапкершіліктен толық иммунитет ала алады», – дейді АЗРК-да.

Бұдан бөлек, реформа монополистерден зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу үшін ұжымдық талап-арыз институтын енгізеді. Бұл схемадан қаржы секторы мен бағалы қағаздар нарығы ғана шығарылады.

Бизнесті алдын ала қорғау үшін монополияға қарсы аудит пайда болады. Ол сыртқы сарапшыларды тартып, айыппұл төлеу қаупінсіз бұзушылықтарды өз бетінше анықтап, жоюға мүмкіндік береді.

АЗРК цифрлық платформалар мен маркетплейстерге ерекше көңіл бөледі. Олар үшін пайдаланушылар, сатушылар саны мен табысын ескеретін арнайы реттеу енгізіліп, динамикалық баға белгілеуге шектеу қойылады.

Өз кезегінде ведомствоның өзі де цифрлық рельске көшті: іске қосылған Antitrust жүйесі мен үш жасанды интеллект шешімі монополияға қарсы мамандарға тарифтерді талдауға, мемлекеттік сатып алудағы келісімдерді әшкерелеуге және нормативтік актілерді тексеруге көмектеседі.

Бұған дейін «Курсив» «Қазгидрометті» өзін-өзі қаржыландыруға міндеттеу жоспарланып отырғанын жазған болатын. Қазір компания көрсететін қызметтердің басым бөлігі мемлекеттік монополия саналады.