Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ананың балаға деген махаббатының шексіздігін, ана деген есімнің ұлылығын, ананың адам өміріндегі орнының ерекше екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылықпен, топпен жұмыс істеуге, өз ойларын дәлелді тұжырымдап жетілдіруге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін сезім дерін ояту, ананы құрметтеуге, қадірлеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Дәстүрлі ашық сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы. Топпен жұмыс жасау, тірек – сызба, топтастыру, ойын
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Баубек Бұлқышевтың портреті, шығармалары, ананың, апаның суреті.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, әдебиет, сурет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
«Шаттық шеңбері»арқылы сабағымызды бастау
Оқушыларды түгендеу, сабаққа зейіндерін аудару.
Оқушылардың барлығы:
Сыныптас біз ұл – қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз
Сыйластықпен өмір сүріп,
Тек жақсылық ойлаймыз,
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба достарым,
Амансыз ба қонақтар!
Амансыз ба ұстазым!
Сіздерді көріп қуанам.
Оқушыларды топтарға бөлу.
Гүл арқылы Раушан, қызғалдақ.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
- Сансызбай Сарғасқаев ол кім?- Ол қайда дүниеге келген?
- Сансызбай Сарғасқаевтың қандай шығармаларын өттік? («Сынған аквариум»,» Шыбық»)
- Оның қандай оқулықтары бар? («Достар», Көңілді балалар, Тәмпіш танау, Бір көшенің балалары)
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе Мұғалім сөзі
«Бала, бала, бала!» деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған –
Бұл кім?
Ана!
Зейнолла Қабдолловтың «Жалын» романынан үзінді.
Ана!
Гранитогор санаториялық мектеп - интернаты
Сынып жетекші: Нұран А. О.
Баубек Бұлқышев «Ана». жүктеу
Б. Бұлқышев «Ана»
Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз537 қаралым
#ана туралы#баубек бұлқышев#қысқа мерзімді жоспар#жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған жоспар
Ұсынылады
Азға қанағат ет
Оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілі пәні бойынша 3 сыныпқа арналған сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Бұл сабақтың негізі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жоспарланған. Сабақ б...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Күмбір күйдің шебері (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
Сабақтың тақырыбы: «Күмбір күйдің шебері» (Т. Шәмеловтың туғанына 67 жыл)
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тарих пәнінде әдіс - тәсілдерді қолданудың тиімділігі.
Өткізілетін орны: Мультимедия кабинеті
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

