Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Джо Байден жаңа мемуарларын жарыққа шығарды. Онда украин көшбасшысының тегін жазуда қате жібергені айтылады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сөз «Обещай мне, Америка» (Promise Me, America) деп аталатын кітап туралы болып отыр. Басылымның дерегінше, онда Украина президенті Владимир Зеленскийдің тегі қате нұсқада берілген.
АҚШ Конгресінің кітапханасында сақталған ресми транслитерация ережелеріне сәйкес, Зеленскийдің тегі Zelenskyy деп — соңында екі «y» әрпімен жазылуы тиіс. Дәл осы нұсқа ресми құжаттарда және Украина билігі тарапынан қолданылады.
Басылым жазғандай, Байден өз кітабында Зеленскийді 30 рет атап, әр жолы оның тегін Zelensky деп — соңында бір ғана «y» әрпімен жазып отырған, бұл қате. Атап өтілгендей, 600 беттен астам кітаптың бәрінде украин көшбасшысының тегінің дұрыс нұсқасы бірде-бір рет қолданылмаған.
Айта кету керек, Джо Байденнің украин көшбасшысына қатысты қате жіберуі бұл алғашқы жағдай емес. 2024 жылы Вашингтонда өткен НАТО саммитінде бұрынғы президент сөзден жаңылып, Зеленскийді таныстыру кезінде оны Путин деп атап кеткен.


