Байқоңыр тұрғыны екі күн жұмысқа келмегені үшін жұмыстан шығарылған соң бұрынғы қызметіне қайта орналасты. Бұйрық прокуратураның наразылығы бойынша күшіне енбей қалды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің «Байқоңыр» кешені прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, тексеру жергілікті тұрғынның еңбек құқығының бұзылғаны туралы өтініші бойынша жүргізілген. Тексеру барысында жұмыс орнында екі күн болмағаны үшін жұмыс беруші қызметкерді тәртіптік жауапкершілікке тартып, жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарғаны анықталды.

Ведомствоның ресми Telegram-арнасында нақтыланғандай, бұл құжатты шығарған кезде ұйым басшысы еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келетін түрде қызметкерден жұмысқа келмеу себептері туралы жазбаша түсініктеме талап етпеген, оны дайындауға екі жұмыс күні бермеген және қызметкердің түсініктеме беруден бас тартқаны туралы акт жасамаған.

«Сонымен қатар аталған құжатты шығарған кезде еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келетін түрде ұйым басшысы тәртіптік жаза қолданар алдында қызметкерден жұмысқа келмеу себептері туралы жазбаша түсініктеме талап етпеген, оны ұсынуға 2 жұмыс күні бермеген, қызметкердің түсініктеме беруден бас тартқаны туралы акт жасамаған», — деп атап өтті ведомствода.

Өтініш берушінің еңбек құқығын қалпына келтіру мақсатында бұйрыққа кешен прокуроры наразылық білдірді. Шара қолдану актісін қарау қорытындысы бойынша бұйрық күшінен айырылып, қызметкер бұрынғы лауазымына қайта орналастырылды.