Залға балалар әуенмен кіріп кіреді.
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
1 - жүргізуші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды
Бізден ұшып қанат қағып есейіп
Өздеріңмен қоштасатын күн туды
2 - жүргізуші
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік
1 - жүргізуші:
Қымбатты ата - аналар, ұжымдастар, қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз.
2 - жүргізуші:
Мерекеде сызылтып ән салады
Ән айтып би де билеп жан салады
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады
Ән: "Біріншіге барамын"
Ақтілек:
Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып бала бақшамен
Мектепке біз барамыз
Нұрайым:
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақсы оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
1 - Жүргізуші:
Бөбек еді ол рас
Кіп-кішкентай кешегі
Бүгін міне азамат
Болды бәрі деседі
2 - Жүргізуші:
Тіл дамытып сурет салып
Жаттықтырды қолдарын
Мектебіне шығарып сап
Тілейік ақ жолдарын
Би: "Мы мальенкие звезды"
Тақпақтар:
Бексұлтан:
Мәпелеген анамыз
Бақша болды панамыз
Мектепке енді барамыз
Оқып білім аламыз
Каусар:
Мектепке енді барамыз
оқимыз сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
1 - Жүргізуші:
Көтеріп келіп қолымен
Жетектеп үйге қайтатын
Сәбиі еді былдырлап
Сағынышын айтатын
2 - Жүргізуші:
Тілі таза бүгінде
Жүгірмейді аптығып
Жүректері тұрма әлде
Қоштасатын шақты ұғып
Би: Испан
Тақпақ:
Ақбала:
Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
Камила:
Балабақша базарлы үй
Көшедегі ажарлы үй
Шаттығы бар шуақта
Өз үйіміз сияқты
Санжар:
Қоштасып мен бүгін балалықпен
Қоштасамын сиқырлы бала бақпен
Танысып мектеп деген әлемменен
Достасамын біліммен даналықпен
(Көңілді әуенмен атқа мінгесіп Қожа мен Сұлтан келеді)
Жүргізуші: Ау бұл кімдер шаңдатып жібердіңдер ғой мына жерді?
Қожа: Менің атым Қожа, ал мынау менің досым - Сұлтан.
Біз көрші ауылға сабан тойға бара жатырмыз.
Жүргізуші: Қайдағы той сабақ қайда?
Сұлтан:- Басыңды қатырып неге керек, мен мектепте оқыған емеспін, сондада аштан өліп көштен қалған жоқпын, әкемнің жылқыларын бағамын.
Жүргізуші: Сондада, қалайша ата - анаң мектепке апармады ма?
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

