Қызылорда облысында ер адам туған ағасын балағаттағаны үшін 40 сағат қоғамдық жұмысқа сотталды, деп хабарлайды infohub.kz.
Оқиға Қызылорда қаласында болған. Тегі жарияланбаған Н. азаматы бір жыл ішінде екі рет әкімшілік құқық бұзушылық жасап, туған ағасына балағат сөздер айтқан. Сот мұны отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы адамға құрметтемеушілік таныту деп бағалаған.
«Сот отырысында Н. азаматы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Н. азаматының кінәсі оның түсіндірмесімен, жәбірленушінің арызы мен түсіндірмесімен, сондай-ақ іс материалдарымен дәлелденді», — делінген сот хабарламасында.
Нәтижесінде Н. кінәлі деп танылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс жазасы кесілді.


