Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
Жылыбұлақ негізгі мектебінің психологы
Ниязова Дамира Қауашқызы
Балалардың дарындылығын айқындауға арналған психологиялық тест
Ұсынылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру қажет. Тестті 4, 5 - 7 жастағы балаларға және басқа жастағы категорияларға қолдануға болады. Мұғалімдер, ата - аналар және балалармен жұмыс істегенде қолдануға болады.
1. Баланың кейбір заттың ерекше қолдануын тапқан жағдайлары болды ма?
2. Өзінің икемділігін өзгерте ме?
3. Елестеткен заттарды суретке бейнелеп салуды жақсы көре ме?
4. Абстрактты суреттер салу жақсы көре ме?
5. Фантастикалық оқиғаларды жақсы көре ме?
6. Өлең немесе әңгіме шығара ма?
7. Қағаздан қызықты фигураларды қиюды жақсы көре ме?
8. Өмірде жоқ немесе білмейтін бір нәрсені істейді ме?
9. Өзінің талғамына қарай бір нәрсені басқаша қылып істеген кездері болды ма?
10. Қараңғыда қорқа ма?
11. Өзі ойлап бір сөз құрастырғаны болды ма?
12. Бұл сөз талқылаусыз түсінікті деп санаған жағдайлар болды ма?
13. Өзінің ойынша жиһазды орынынан ауыстырып көрген жағдайлар болды ма?
14. Бұл ойы сәтті болды ма?
15. Бір нәрсені орынсыз қолданған кездері болды ма?
16. Кішкентай болған кезде сіздің балаңыздың әртүрлі заттарды орынсыз қолданған жағдайлар болды ма?
17. Киімді таңдағанда сіздің талғамыңыздан гөрі өзінікін қалай ма?
18. Айналадағыларға көрінбейтін өзінің жеке әлемі бар ма?
19. Әлі де түсінбейтініне түсініктеме іздей ме?
20. Айналада қоршаған құбылыстарды түсіндіруді сұрай ма?
21. Суреттері жоқ кітап оқуды жақсы көре ме?
22. Өзінің ойындары мен сауықтыруларын бейнелей ме?
23. Өзі көрген түстері мен басынан кешкен оқиғаларды есіне сақтап, әңгімелей ме?
«Иә» деген жауаптарға 1 балл, «Жоқ» - 0 балл қойыңыздар.
Нәтижелері:
20-дан - 23 баллға дейін – бала өте тапқыр, айналада қоршаған ортаға айтар өзінің пікірі бар, оған осы жөнінде көмектесу қажет.
15 - 19 балл - өзінің қабілетін кейде байқамай қалады, ол тапқыр, ойлағыш егер оны қызықтырса.
9 - 14 балл білімнің көп саласында жеткілікті ойлайды, егер өзінің пікірі қажет болмаған жағдайда. Бірақ та, шығармашылық іс - әрекетпен айналысу үшін көп нәрсе жетпейді.
4 - 8 балл – балаңыз тәжірибелік іс - әрекетке бейім, ойлау шығармашылығын өзіне маңызды жетістікте қана көрсетеді.
4 - төмен – балаға шығармашылық жетіспейді, бірақ, күрделі мамандық болса да, ол табысқа жақсы орындаушы ретінде жетеді.
Балалардың дарындылығын айқындауға арналған психологиялық тест
Павлодар облысы, Шарбақты ауданы,
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз607 қаралым
#психологиялық тест#балалардың дарындылығын анықтау
Ұсынылады
Мектептерде диктант пен бақылау жұмыстары қайта оралуы мүмкін бе?
Қазақстан мектептеріндегі білімді бағалау жүйесі өзгеруі ықтимал. Оқу-ағарту министрлігі БЖБ мен ТЖБ жүйесін талдап, дәстүрлі жазба жұмыстарын қайта енгізуді қарастырып жатыр.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 мамыр
Мектептегі "шоу-сабақтар" білім сапасын төмендетеді: Мұғалім министрге үндеу жолдады
Белсенді педагог Айман Сағидулла аттестациялаудың жаңа ережелеріне қатысты алаңдаушылығын білдіріп, "шоу-сабақтардың" оқушыларға кері әсер ететінін айтты.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 18 сәуір
Мектепте жаңа үш пән енгізіледі: Білім министрінің шұғыл мәлімдемесі
Қазақстан мектептерінде оқу бағдарламасына жаңа пәндер қосылып, білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 15 сәуір
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

