Балуан Шолақ Баймурзин (1864 - 1919жж.)
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа болған.
Балуан Шолақ Біржан бастаған әнші - ақындар дәстүрін ұстап, әннің әуенін де, сөзін де қатар шығарған және оны өзі орындаған. Бұл тұрғыдан алғанда ол Арқада әншілік өнерін дамытуға көп үлес қосқан әнші де. Сонымен бірге Балуан - Шолақ спортпен жіті шұғылданып күреске түскен, ат үстінде сан алуан ойындар көрсеткен.
Балуан - Шолақ өзінің шығармаларында халық мұңын мұңдап, қазақтың би - болыстары мен байларының әділетсіздіктеріне, сондай - ақ патша үкіметінің озбыр Чиновниктерінің зорлық - зомбылығына қарсы күреседі.
Оның көптеген әндері мен өлеңдері халық арасында мол тараған. Әсіресе Балуан - Шолақтың Ғалия, Дікілдек, Құлан кісінес, Желіп - желіп т. б. бірнеше әндері ел аузында осы күнге дейін айтылып келеді.
Балуан Шолақ Баймурзин
Балуан Шолақ Баймурзин (1864 - 1919жж.)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 4 наурыз1217 қаралым
#балуан шолақ#нұрмұхамбет#балуан шолақ шын аты нұрмұхамбет
Ұсынылады
"Сүйінші, ағайын!" – Мейрамбек Беспаев інісіне көлік сыйлады
Белгілі әнші Мейрамбек Беспаев жас әнші Еркеш Хасенге қымбат көлік сыйлап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 сәуір
Ұлықпан Жолдасов: Өнердің «сауда алаңына» айналуынан секемденемін
Белгілі композитор Ұлықпан Жолдасов өнердің коммерциялануы, шығармашылықтың мәні және өзінің 40 жылдан астам сахнадағы жолы туралы ой бөлісті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 31 наурыз
«Көктем әсер етіп жатыр ма?»: Өнер жұлдыздарының ерсі қылығы жұртшылықтың сынына ілінді
Әлеуметтік желідегі жаңа трендке қатысқан бірқатар танымал қазақстандық жұлдыздар көпшіліктің наразылығын тудырды. Олардың әрекетіне қатысты пікірлер екіге жарылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 13 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

