Математика 3 сынып
Бақылау және өздік жұмыстары.
Математикалық диктант
1. 36 мен 58 сандарының қосындысының мәні;
2. 90 мен 25 сандарының айырмасының мәні;
3. Бірінші қосылғыш 23, екінші қосылғыш 57. Қосындының мәнін тап.
4. 45 санын 17 - ге арттыр;
5. 54 санын 25 - ке кеміт;
6. Азайғыш 74, азайтқыш 37. Айырманың мәнін тап.
I нұсқа
1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте:
628, 937, 132
2. Есепте:
549 - 40
305+95
980 -(263+37)
(389+164)- 245
3. Қосындыны көбейтіндімен алмастыр және өрнектердің мәндерін тап:
2+2+2+2+2
4+4+4+4
6+6+6
5+5
4. Есепті шығар:
Залды безендіру үшін 86 қызыл шар және одан 48 - і артық көк шар сатып алынды. Барлығы неше шар сатып алынды?
5. Қабырғасының ұзындығы 3 сантиметрге тең шаршы сыз. Периметрін тап.
II нұсқа
1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте:
739, 421, 996
2. Есепте:
728+80
976 - 566
(349+58)- 146
806 -(487+113)
3. Қосындыны көбейтіндімен алмастыр және өрнектердің мәндерін тап:
3+3+3+3
8+8+8
4+4+4
5+5+5+5+5
4. Есепті шығар:
300 г шоколад кәмпит сатып алынды. Бұл карамель кәмпитке қарағанда 50 г кем. Сатып алынған кәмпиттердің массасы қандай?
5. Қабырғаларының ұзындықтары 4 сантиметрге және 2 сантиметрге тең тік төртбұрыш сыз. Периметрін тап.
Бақылау және өздік жұмыстары. Математика 3 сынып. жүктеу
Бақылау және өздік жұмыстары. Математика 3 сынып
Бақылау және өздік жұмыстары.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1323 қаралым
#математика 3 сынып#бақылау және өздік жұмыстары#бақылау жұмысы бастауыш сыныптарына
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

