Кинематика негіздері, бақылау жұмысы
Физика 9 класс
Бақылау жұмысы.
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың «Кинематика негіздері» бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру, тиянақтау, қорытындылау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын орындау.
І нұсқа.
1. Хоккейші шайбаға 2 м/с жылдамдық бере отырып, жайлап клюшкамен соқты. Егер шайба мұзға үйкеліс нәтижесінде 0, 25 м/с2 үдеумен қозғалса, соққыдан кейін 4 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?
2. Велосипедші төбешіктен 5 секунд ішінде 0, 5 м/с2 үдеумен қозғала отырып түсті. Егер велосипедшінің бастапқы түсу жылдамдығы 18 км/сағ - қа тең болса, төбешіктің ұзындығын анықтаңдар.
3. Биіктігі 80 см столдан еденге қарындаш құлап түсті. Қарындаштың құлау уақытын табыңдар. (g≈10 м/с2).
4. Автомобиль түзусызықты қозғалып келеді. Автомобильдің жылдамдық векторының проекциясының уақытқа тәуелділік теңдеуі: υх=10+0, 5t. Автомобильдің бастапқы жылдамдығының модулі мен бағытын және үдеуін анықтаңдар. Жылдамдық проекциясының уақытқа тәуелділік графигін салыңдар.
ІІ нұсқа.
1. Шайбаны клюшкамен соғып қалғанда шайба 5м/с жылдамдық алып, мұз үстінде 1 м/с2 сырғанайды. Шайбаның 10 секунд өткеннен кейін шайбаның жылдамдығы қандай болады?
2. Алтыншы қабаттың терезесінен (h= 20 м) тасталған тас Жерге қанша уақытта жетеді? Жерге түскен сәттегі оның жылдамдығы қандай? (g=9, 8 м/с2).
3. Автобус орнынан қозғалған сәтте - ақ 0, 5 м/с2 тұрақыт үдеуге ие болды. Ол қанша уақыттан кейін 72 км/сағ жылдамдық алады?
4. Дененің басапқы координаттары х0=- 2 м және у0=4 м. Дене координаттары х=2 м және у =1 м нүктеге орын ауыстырады. Х және У осьтеріндегі орын ауыстыру векторының проекциясын табыңдар. Орын ауыстыру векторын салып оның модулін табыңдар.
ІІІ. Бағалау.
ІV. Үйге тапсырма: «Кинематика негіздері» тарауын қайталау.
Кинематика негіздері, бақылау жұмысы. жүктеу
Бақылау жұмысы, Кинематика негіздері
Кинематика негіздері, бақылау жұмысы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз603 қаралым
#қысқа мерзімді жоспар#физикадан бақылау жұмысы#кембридж тәсілі бойынша құрылған жоспар#кинематика негіздері
Ұсынылады
Әлем ғажайыптары. Аспаннан метеорит жерге қанша рет түседі?
Аспаннан метеорит жерге қанша рет түседі?
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ГИББС талдау және құндылықтар спектрі әдісін сабақта қолдану атты коучинг сессиясының жоспары
«ГИББС талдау және құндылықтар спектрі әдісін сабақта қолдану» атты коучинг сессиясының жоспары
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.
Тұрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль - Ленц заңы.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

