Бақытсыз, бейбақ, сәтсіздіктен көз ашпайтын адам болудың 10 себебі
1. Сіз уақытты қадірлемейсіз
Сәтсіздіктен қашық адамдар өз уақытын мүлде қадірлемейді. Жетістіктің шыңын бағындырған адамдар, уақыт – сіздің ең басты құнды қорыңыз екенін айтады. Табысқа жеткен адамдар ақшадан бұрын уақытты жоғары бағалайды. Ал сіз? Twitter-ді оқып, Facebook- пен «ВКонтакте»-дегі суреттерге лүпіл басумен әлексіз.
Дегенмен сіз жыл сайын жоспар құрасыз. Жыл сайын «осы жылы мен аянбай еңбек етемін, өміріме өзгерістер енгіземін» деп өз-өзіңізге уәде бересіз. Бірақ баяғы жартас – сол жартас. Жоспарларыңыздың іске асуы екіталай. Себебі тапсырмаларды орындауға қажетті уақытты бөлмейсіз. Өз уақытыңызды басқарып үйреніңіз, қажетсіз нәрсеге «жоқ» деп айтуды үйреніңіз – бұл табысты болуға жол бастаудың жақсы қадамы болады.
2. Мақсаттарыңызға сай келетін заттарды жасамайсыз
Құндылықтарыңның не екенін білгенде шешім жасау қиын емес. Рой Дисней
Аутсайдерлер жұмысбастылықты өнімділікпен шатастырады. Өнімділік жұмысбастылыққа тікелей байланысты деп қателеседі. Соныдықтан бейбақтар кез келген іске білек сыбана кірісіп кетеді. Барлық іс-шараға қатысады. Нәтижесінде бар күшін мақсаты мен құндылықтарына жұмсаудың орнына, болмайтын нәрселерге жұмсайды.
Мақсаттарыңызды жазыңыз және оған жетудің стратегиясын құрыңыз. Бұл күшіңізді нақты неге жұмсау керектігін түсінуге мүмкіндік береді.
3. Мойыныңызға жауапкершілікті алмайсыз
Иә, бастығыңыз жаман адам, жұмысыңызды да жеккөруіңіз мүмкін. Бірақ бұл ісіңізді жартылай жасауға себеп емес. Сізге жұмыста болып, жұмысыңызды сапалы істеуіңіз үшін жалақы төлейді. Қандай жағдай болмасын мінсіздікке ұмтылу керек. Бұл кемелденудің, өсіп өнудің және даналықтың белгісі. Бейбақтарды жаман баға да қанағаттандырады. Және олар мықты болуға тырыспайды да. Өмірдің басты қағидаларының бірі: не ексең – соны орасың.
4. Сіз өз-өзіңізді шектейсіз
«Мен сандардан жиі қателесемін», «Тіл үйрену маған өте қиын», «Миым бағдарламалуды қабылдай алмайды», «Кәсіпкерлікпен айналысуға мінезім келмейді, тым жұмсақпын» — мұның бәрі сәтсіз адамдардың сөзі. Олар өз-өздерін шектейді. «Білімім жетпейді», «мен оны оқымадым ғой» дегендерді ұмытыңыз. Елдің бәрі сізден ақылдырақ деуді доғарыңыз. Ерінбей еңбек етіп, барынша тырысыңыз. Сонда сіз сәтті боласыз.
5. Өзіңізді ақтап алудың шеберісіз
Сәтсіз адамадар өзідерінің сәтсіздіктерін логикалық жолдармен ақтауға тырысады. Бірдеңені істемеуге себеп және сылатуларды іздеп табады. «Реалист болу» дегенді асырып жібереді. Оның орнына оны істеп көру керек. Миыңыз өзін ақтап алуға айла іздей бастағанда оны тоқтатып, әрекет етуге ынталандыратын механизді ояту керек.
6. Сіз адамдармен қарым-қатынас жасай алмайсыз
Адамның мінезі жайлы білгіңіз келсе, оның өзіне пайда әкелмейтін адамдармен қалай сөйлесетініне назар аударыңыз. Иоганн Гёте
Бейбақтардың әлеуметтік машықтығы жоқ. «Ең болмағанда мен шындықты айтып тұрмын», «Мінезімнің бары осы, қандай болсам, солай қабылда» — мұндай сөздерді тек бейбақ адамдар айтады. Жолы болмаған адамдар өздерін негізсіз тәкаппар ұстайды. Мұндай адамдар кімге ұнасын? Сол себепті ондай болмаңыз. Ұнататын адамыңмен сыпайы, жарқын сөйлесе аласыз ғой, сол сияқты сізге ешқандай пайда әкелмейтін адаммен де емен-жарқын болып көріңіз.
Адамның мінезін тексерудің жақсы тәсілі – кезекте тұрған кезіндегі әрекетін және қызмет көрсетушілерге жасаған мәмілесін көру. Адамды танудың тағы бір тәсілі – сіз оның киімін бүлдіріп алған кездегі оның іс-әрекетін байқау.
7. Сіз бәрін кейінге қалдырасыз
Бейбақтар уақыттың құндылығын мүлдем түсінбейді. Оларды кешегі күнмен өмір сүру қанағаттандырады. Бейбақтар тағы бір өмірі бар сияқты өмір сүреді. Бірақ шын мәнінде ешкім уақытты тоқтатып немесе кері қайтару мүмкіндігіне ие емес. Туылған күннен бастап өлімге қадам басып келеміз. Әр күн – бұл сый. Ештеңені ертеңге қалдырмаңыз – ертеңгі күн тумауы да мүмкін.
8. Сіз әрекет етпейсіз
Бүгін істеп тастаңыз. Өзіңізге ертесіне рахмет айтасыз. Лес Браун
Бұл бейбақтар үшін тым қарапайым қағида. Бейбақтар ойлануға құмар, бірақ әрекет етуге емес. Әңгіме айту, армандау, жоспар құрудан шебер болып келеді. Бірақ өкінішке орай бейбақ адамдарға әрекет етуге түрткі жетіспей тұрады. Армандауды доғарып іске кірісу керек!
9. Сіз қиындықтармен күресе алмайсыз
Бір аңыз-әңгіме бар екен. Баяғыда бойы құрттай, нәмәрт бақташы өмір сүріпті. Бір күні дәуге қарап: «Мен сені жеңіп, басыңды шауып аламын!» деп, дәл солай жасапты. Өміріңіздегі сынақты қаншалықты қиын деп елестетсеңіз, ол соншалықты қиын болады. Бейбақтар осыны түсінбей, тез беріледі. Жағдай күрделеніп бара жатқанда олар беріле салады.
Сынақтар бізді мақсатымызға жақындатып қана қоймай, арманымыздағы адам болуға септігін тигізеді. Үрейлеріңізден қорықпаңыз, олармен күресіңіз. Бұл сізге жаңа белестерді ашады. Жайлы шекарадан шығу керек. Күшіңізді сынау үшін айқасып көру керек.
10. Сіз енжарсыз
Сіздің өз пікіріңіз жоқ және сіз шешім қабылдай алмайсыз. Мағыналы сөздер айтылып жатқан әңгімені өрбіте алмайсыз, сіз түсінбейтін тақырыпта ойыңызды ашық айта алмайсыз. Бейбақтар жұртарды өзі сияқты ойлауы тиіс деп ойлайды. Жолы болмайтын адамдар мектептен кейін кітап оқымайды, білімін жетілдірмейді. Барлығы не істесе соны жасап жүреді, себебі «жұрттың бәрі солай жасап жатыр». Олар қуаныш пен ғажайыптарға толы өмірде де іші пысып жүреді.
Айтпай келетін өлім – зауықсыздық. Бірдеңеге қызығып, сонымен айналысыңыз. Тіпті бұл үшін сізге ақы төлемесе де. Әзірше. Дарыныңызды, талантыңызды байқап, соларды дұрыс пайдаланудың амалын табыңыз.