Мәжіліс депутаты Баққожаев жасөспірімдер тәрбиесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, мектептегі баланың тәртібі мен тәрбиесіне ең алдымен мұғалім жауапты болуы керек.
«Мектеп – тәрбие ордасы. Сондықтан баланың мінез-құлқы мен қоғамдық жүріс-тұрысына мұғалім жауап беруі тиіс. Бірақ біз мұғалімдерді қағазбастылыққа көміп, негізгі міндетінен алшақтатып отырмыз. Жүктемесін азайтып, тәрбиеге шын мәнінде көңіл бөлуіне мүмкіндік беруіміз керек», – деді депутат.
Баққожаевтың пікірінше, тәрбие жұмысы – педагогтың басты миссиясы, алайда оған тиісті қолдау мен жағдай жасалмайынша, нәтижелі жұмыс күту қиын.


