Танымал актер Олжас Абайдың бұрынғы жары әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударды.
Бұл жолы өнер иесі қалыңдықтың образын таңдап, ерекше фотосымен бөліскен. Сурет астына ол: «Бақытты боламын деп шештім. Оған ешкім кедергі бола алмайды», – деп жазды.
Бұл қадамын желі қолданушылары жылы қабылдап, оның жаңа өміріне бақыт тіледі. Пікір қалдырушылар «Қуыршақтай әдемі! Бақытты болыңыз», «Жассыз, бақытқа лайықсыз», «Сұлуын-ай», «Тіл-көзден аман бол» деген сияқты тілектерін жаудырды.


