Қазақстандықтар маусымдық аурулардың ауыр өтуіне шағымданып, симптомдарын коронавируспен салыстырып жүр. Елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сархат Бейсенова азаматтардың қазір жұқпалы аурулар мен тұмауды емес, коронавируспен жаппай және ауыр ауырып жатқанына қатысты алаңдаушылығына жауап берді.
Бас санврач осы уақытқа дейін елдегі коронавирус жағдайы тұрақты болып отырғанын атап өтті.
«2026 жылдың басынан бері КВИ-дің 381 жағдайы тіркелді, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,6 есе аз. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ. Қыркүйек айындағы соңғы мониторинг деректері бойынша Қазақстанда "Стратус" деп аталатын XFG коронавирус нұсқасы басым. Зерттелген үлгілердің 68,7%-ында оның RV.1.1 сублиниясы, 25%-ында XFG.3 линиясы анықталды. Тағы 6,3% үлгіде JN.1 және RF.5.3 линиялары табылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, бұл нұсқалар "Омикронның" басқа нұсқаларымен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді. Вирустың таралуын мониторингілеу жалғасуда», — деп сендірді елдің бас санврачы.


