Қазақстандық тхэквондошы Батырхан Төлеуғали Астана қабылдаған Гран-при финалында пьедесталға көтерілді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

20 жастағы спортшы 80 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Финалға дейінгі жолда ол Бразилия, Ресей және Грузия қарсыластарын жеңді.

Шешуші белдесуде Төлеуғали ирандық Радин Зейналимен кездесіп, жеңіліс тапты.

Бұл — қазақстандық тхэквондошының жеті жылдан бері Гран-при сериясының финалына алғаш шығуы. 2019 жылы Руслан Жапаров та күміс жүлдегер атанған болатын.

Астанадағы турнирдегі өнер Төлеуғалиге Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиаданың іріктеу рейтингісіне 60 ұпай әкелді. Бұған дейін спортшы Париждегі 2024 жылғы Ойындарда сынға түскен.

Сондай-ақ сенбі күні Гран-при финалында қазақстандық Рита Бакишева (49 килограмға дейін) мен Мария Севостьянова (57 килограмға дейін) өнер көрсетті. Екеуі де алғашқы белдесулерде жеңіліс тапты.

29 қарашада, жексенбі күні, Қазақстан құрамасынан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы Тамирлан Тілеулес (58 килограмға дейін) белдеседі.