Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Ана»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтінмен, мазмұнымен таныстыра отырып, негізгі ойды ұғындыру. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге өз ойларын тұжырымдап, жеке, топта жұмыс жасау. Көп ізденуге, дәлелді сөйлей білуге үйрету.
Ананы жақсы көріп сыйлауға, құрметтеп аялауға тәрбиелеу. Ата - ананы, үлкенді сыйлауға, жақсы көруге баулу.
Сабақтың түрі:
1) Дамытушылық сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.
1. Топтау стратегиясы.
2. Түртіп алу стратегиясы.
3. Бес жолды өлең.
4. Эссе жазу.
5. РАФТ стратегиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Б. Бұлқышев суреті, жазушы туралы анықтама, қанатты сөздер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
- Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні берілді және әжемізге хат жазып келу тапсырылды.
- Әжемізге жазып келген хаттарын оқыту (3 - 5 оқушыдан сұрау)
- Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар қою.
- Автордың апасына берілген мінездемесі.
- Автордың балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?
Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда аналар тақырыбына арналады. Бүгін біз Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз.
Жаңа сабаққа көшу.
І. Қызығушылықты ояту.
Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.
Оқушылар жауабы:
Топтастыру
ІІ. Мағынаны тану.
Бұл кезде мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінді оқу түртіп алу жүйесімен жұмыс.
- Білемін
- Білмеймін
- Мен үшін жаңа
Сөздікпен жұмыс.
Ана → аяулы, құдіретті, ақылды, дос, сұлу
Топпен жұмыс.
Сұрақ - жауап оқулықтағы.
Енді балалар, ана туралы мақал - мәтелдер айтайық.
Әр топтан 3 - 4 оқушыдан айтқызу.
Ойымызды толықтыра түсейік.
ІІІ. Ой толғаныс.
5 жолды өлең құрастыру.
1. Зат есім. Кім?
2. Сын есім. Қандай?
3. Етістік. Не істейді?
4. 4 сөзден құралған сөйлем.
5. Балама сөз.
ІV. Шығармашылық тапсырма.
«Ана» тақырыбына эссе жазу.
Тірек сөздер: Жақын жан, жұмсақ алақаны, жұмсақ даусы, айналып - толғанғаны.
Оқушылардың жазған эсселері мен өлеңдерін оқыту.
V. Өзіндік жұмыс.
Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.
Рөлім – оқушы
Аудитория – депутат
Формасы – ұсыныс хат
Тақырып – Аялайық ананы
VІ. Анаға тілек тренингі.
Әр оқушы анасына тілектерін жазып, топта айту
Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?
Сабақ ұнады ма?
Үйге тапсырма: Мәтінді жаттау. Өлең құрастыру.
Бағалау.
Баубек Бұлқышев «Ана»
Сабақтың тақырыбы: Баубек Бұлқышев «Ана»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз672 қаралым
#бастауыш сынып#баубек бұлқышевтің ана мәтініне сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

