Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бауырымен жорғалаушылар
Мақсаты: Бауырымен жорғалаушылар дегеніміз не екенін түсіндіру. Оған қандай жануарлар жататын (кесіртке, тасбақа және т. б.) жайлы түсінік беру.
Көрнекілік құралдары: Суреттер
Мотивациялық қозғаушы
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа,
Батамызда қаламыз.
Ұйымдастыру - ізденуші
Балаларға кесіртке мен тасбақаның суретін көрсетеді. Балалар сендер бұл жануарларды танисыңдар ма?
Бұл екі жануар да қалай жүреді?
Бауырымен жорғалайды.
Демек мұндай жануарларды бауырымен жорғалаушылар деп атаймыз.
Кесірткенің суретін көрсетіп мағлұмат береді. Кесірткелердің көптеген түрі жерде жүреді, ағашқа, бұтаға өрмелей алады, құмға батып кететін де түрлері бар. Кесірткелердің арасында күндіз де, түнде де аулайтын түрлері бар. Түрлі жәндіктер мен олардың дернәсілдерімен, өрмекшілер, құрттармен құстар және олардың жұмыртқаларымен, бақа, жыландармен, аздаған түрі өсімдіктің жұмсақ бөліктерімен, жемісімен және тұқымымен қоректенеді. Тасбақаның суретін көрсетіп, мағлұмат береді. Тасбақалардың ерекшелігі денесі сүйекті - мүйізді не сүйекті - терілі сауытпен қапталған. Сүйекті сауыты қауіп - төнген кезде басы мен аяқтарын жинап жасырынуға ыңғайлы.
Қазақстанда тұщы су тасбақалары және құрлық тасбақалары бар. Олар әртүрлі шөптермен қоректенеді.(Мүмкіндік болса тірі тасбақаны көрсетіп таныстыруға болады).
Сергіту сәті:
Жолдарыңа үңіліп,
Екі бақа жүгіріп,
Секіреді, бақ - бақ,
Ағаштарды аттап.
Олар ерте тұрады,
Беті қолын жауады.
Оңға - солға шайқалып,
Бақылайды ән салып.
Судан шіркей табады,
Өсіп үлкен болады.
Бақ - бақ, нақ - нақ,
Біздер айттық таппақ.
Жарайсыңдар балалар!
Ал енді ойын ойнайық
Дидактикалық ойын: Кімнің азығы?
Бауырымен жорғалаушылар. жүктеу
Бауырымен жорғалаушылар
Білім беру саласы: Таным
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз608 қаралым
#тасбақа#жаратылыстану#бауырымен жорғалаушылар#кесіртке
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

