Бұрынғы «Мисс Швейцария», модель Беатрис Кеул АҚШ Президенті Дональд Трампты зорлады деп айыптады. Оның мәлімдемесі Ақ үй басшысының қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысына арналған американдық демократтардың есебіне енді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ-тің «Газета.ru»-ға сілтеме жасап хабарлауынша, Кеул АҚШ Сенатының заң комитетіне 24 жасында Трамп оны зорлағанын айтқан. Оның сөзінше, оқиға Манхэттендегі Plaza қонақүйінің нөмірінде болған.

Модельдің айтуынша, Трамп өзінің досы Паоло Дзамполли арқылы оған АҚШ-қа виза рәсімдеп, Нью-Йорк университетіне түсуіне көмектесуге уәде берген. Кейін, Кеулдің сөзінше, кәсіпкер оны артынан ұстап алып, зорлаған. Оқиғадан кейін қыздың денесінде қан ұю мен көгерген жерлер қалған. Ол Трамп болған жайды жасырса, виза рәсімдеп, жоғары оқу орнына түсуге мүмкіндік беретінін уәде еткенін айтады.

Сол іс-шарада Кеул Эпштейнмен де сөйлескен. Оның сөзінше, Эпштейн «Донмен көптеген кеш ұйымдастырғанын» айтқан.

Швейцарияға оралған соң Кеул зорлаудан бірнеше апта өткен соң Трамп қаржыландырған Гавайидегі кезекті сұлулық байқауына қатысудан бас тартқаны белгілі болды.