Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында отандық Aitu мессенджерін енгізу жұмысын жеделдетуді талап етіп, қазіргі қарқынды жеткіліксіз деп атады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мессенджерге бүгінге дейін шамамен 7 млн адам тіркелгенін баяндады.

«Оның сервистерін айына шамамен 1,3 млн адам, ал күніне шамамен 350 мың адам пайдаланады. Бұған дейін атап өткенімдей, Aitu-ды пайдаланған кезде интернет үшін төлем мобильді интернеттегідей алынбайды. Қазір онда eGov GPT қолжетімді — мессенджерде 55 мемлекеттік қызмет бар. Жыл соңына дейін eGov қызметтерінің 75-80%-ын Aitu-ға қосуды жоспарлап отырмыз», — деді ол.

Алайда Олжас Бектенов жұмыс қарқынына көңілі толмады.

«Бұл жұмыс баяу жүргізіліп жатқанын санаймын. Жеделдету керек. Aitu — жай ғана мессенджер емес, оның негізінде ұлттық экожүйе құрылуы тиіс. Жұмысты жедел жүргізу қажет. Бұл әсіресе мемлекеттік қызметшілерге қатысты. Олар оны күнделікті жұмысында пайдалануы керек. Қызметтік ақпарат тек ұлттық мессенджер арқылы жіберілуі тиіс. Қатаң бақылауға алыңыздар!» — деді Үкімет басшысы.