Голланд-палестиналық текті американдық супермодель Белла Хадид Instagram-да жанкүйерлерімен кездесуінен фото жариялады. Жазылушылар модельдің қолынан қазақстандық шоколадты байқады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Алғашқы суреттерде модель жанкүйерлерімен бірге түскен, қолында ештеңе жоқ. Алайда кейінгі кадрларда ол көк қаптамадағы қазақстандық шоколадты ұстап тұр.

Жарияланымда модель өзінің косметикалық брендін қолдағаны үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты. «Көңілді болды! Біз мұны қалай істейміз!! Отбасыммен бірге ultabeauty. Халықаралық деңгейге шығып жатқан «тұңғышым» – Оrebella туралы бөлек айтқым келеді. Сіздермен кездесу және ортақ отбасымызды құру – өмірімдегі ең үлкен әрі ең әдемі жетістіктерім. Құдайға шүкір», – деп жазды Белла Хадид.

Қазақстандық жазылушылар суреттердің бірінде модельдің қолында қазақстандық шоколадты байқаған соң, көптеген пікір қалдыра бастады. «Қазақтар везде», «Жаным Белла», «А чей это тут шоколад», – деп жазды жанкүйерлер пікірлерде.

Анықталғандай, бұл іс-шара 2025 жылдың қараша айында Дубайда өткен, алайда Белла Хадид фотоны тек 2026 жылдың 22 қыркүйегінде жариялаған. Дубайда модельмен кездесуге барған Instagram қолданушысы aakzha.n оған қазақстандық шоколадты сыйлаған. «Белланы Қазақстанда күтеміз. Қазақстандық шоколадсыз болмайды», – деп жазды ол.