Германия астанасында Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінің әуе бомбасы табылды. Ол табылған жерде төтенше жағдай режимі енгізіліп, халық жаппай эвакуацияланды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

РБК Берлин полициясына сілтеме жасап хабарлағандай, оқ-дәрі Германия астанасының оңтүстік-батысында орналасқан Нойкельн ауданындағы кеме жүзетін каналдан табылған. Оқиға орнына жарылғыш заттарды залалсыздандыру мамандары жедел жетті.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бомба табылған жердің айналасына радиусы шамамен 500 метр болатын қоршау орнатылған. Құқық қорғау органдары қызметкерлері 5,6 мың үй шаруашылығының тұрғындарын, сондай-ақ мектептерде, қарттар үйлерінде және балабақшаларда болған адамдарды эвакуациялады.

Табылған снарядтың салмағы шамамен 100 келі екені атап өтіледі. Қазір саперлер оны залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуде.