Манғыстау облысында бес адамның өмірін қиған жол апатынан кейін жолды тиісінше күтіп-ұстамау ісі бойынша үкім шықты. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Манғыстау облысы Бейнеу аудандық соты 2026 жылғы 16 қаңтарда Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Отес – Шетпе – Жетібай – Ақтау республикалық маңызы бар тас жолында болған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады.

«Тақтай мұз салдарынан Yutong маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып, аударылып қалды. Апат салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алды», — деді қадағалау органында.

Тергеу барысында қайғылы оқиғаның себебі автожолдың қысқы тиісінше күтілмеуі екені анықталды. Тергеу жауапты тұлғалардың әрекетcіздігі мен орын алған зардаптар арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланысты дәлелдеді.

«Бұл Қазақстанның құқық қолдану практикасындағы алғашқы қылмыстық іс, онда автожолдың қысқы тиісінше күтілмеуі адамдардың қазасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болды», — деп қосты Бас көлік прокуратурасы.

Сот үкімімен «ҚАЖСервис» ЖШС Манғыстау облыстық филиалы ЖЭБ-57 бастығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 353-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасы шартты түрде тағайындалды.

Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.