Қазақстандық әнші Биназир Ермаганбетова (BikaBreezy) қытайлық рэпер JayTrue-пен бірге Қытайда музыкалық жүлдеге ие болды. Олардың Bāshì трегі жылдың үздік поп-әні деп танылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Әншілер Pop Songs Chart 2026 жүлдесін «Жылдың танымал әні» номинациясында алды. Bāshì композициясы 2026 жылдың ақпанында жарық көрді. Шыққаннан кейін ән әлеуметтік желілерде трендті челлендж арқылы вирустық сипат алып, кейін Шанхай клубтарының диджейлері қоя бастады.
Жүлде табысталған соң BikaBreezy әлеуметтік желілерде әсерімен бөлісіп, тыңдармандарға алғыс айтты.
«Ішкі күш, тәртіп, талант, өз үстінде үздіксіз жұмыс істеу, икемділік, жауапкершілік және өміріңе дәл керек сәтте келетін адамдар сені міндетті түрде нәтижеге жеткізеді. Ең бастысы – жол көрінбесе де, жүре беру», – деді Ермаганбетова.
Әнші Қытайда кең танымалдылыққа 2026 жылы The Rap of China музыкалық шоуына қатысқаннан кейін жетті.
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Биназир Ермаганбетованың көршісіне қатысты созылып кеткен іс үшін Медеу ауданының тергеушілеріне шағымданғанын жазған. Әншінің айтуынша, ер адам оны өз үйінің ауласында ұрған.


