Тақырыбы: «Білім мен парасат сыны» (сайыс сабақ)
Ұлтымыздың салт - дәстүрін қадірлейік,
Жастарды парасаттылыққа әзірлейік.
Тәрбие мен білімді тең игерген,
Болашағы жастардың деп тілейік.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сайысымызда білімділер мен біліктілер додаға түспекші. Ендеше «Білікті бірді жығады, Білімді мыңды жығады» демекші бұл сайыста сіздерге сәттілік тілейміз!
Сайысымыз мынадай кезеңдерден тұрады:
1. Білім сайысы. (сұраққа жауап)
2. Көрініс.
3. Құпия хаттарға жауап беру.
4. Сөзжұмбақ
5. «Өнерпаз болсаң арқалан»
Сіздерге әділ бағасын беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасы.
Әр топтың сайысатын күні бүгін,
Сәті түсіп, жеңеді екен кімді - кім?
Ең алғашқы сайыс шарты бойынша, топбасшылар таныстырсын бір - бірін,- дей келе әр топ өздерінің аттарын таныстыру керек.
1 - топ «Жас қыран»
2 - топ «Алғырлар»
Бәйге десе, жарысудан қашпайық,
Ойланайық, асықпайық, саспайық
Ал екінші сайыс шарты бойынша,
Сұрақтарға жауап бере бастайық
2 - кезең бойынша Білім сайысы (Сұраққа жауап)
1. Төрт түліктің пірлері? (Қамбар, Шопан, Ойсыл, Сексек, Зеңгі)
2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Үш биді білесіз бе? (Қазыбек, Төле, Әйтеке)
4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
5. Алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
6. Бес дұшпан (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
7. Өлең жазатын адамды қалай атайды? (ақын)
8. «Қартқожа» қай жазушының кейіпкері? (Ж. Аймауытов)
9. Балаларды оқуға шақырған Ы. Алтынсариннің өлеңі қалай басталады? (Кел, балалар, оқылық!)
10. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы)
11. Аңыз дегеніміз не? (өмірде болған адамның басынан өткен әңгімесі)
12. Ертегінің түрлері? (Жан жануарлар, қиял ғажайып, шыншыл)
13. Роман дегеніміз не? (көлемді, күрделі шығарма)
Келесі кезеңіміз «Бәйге» кезеңі
«Жас қыран» және «Алғырлар» тобының көріністері.
«Жас қыран» тобы – Үш арыстың үлгілері
«Алғырлар» тобы – Шибұт, Қылмойын, Қарынбас
3 - кезең бойынша, құпия хаттарға топпен жауап бересіздер.
“Жас қыран” тобына
Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші, көзбе - көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?
Сіздің пікіріңіз
“Алғырлар” тобына
Құрметті оқушылар!
Менің бір досым бар. Өзі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй - ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды.
Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?
Сіздің пікіріңіз
Сөзжұмбақ шешу
1. Түйенің төлі
2. Білім бұлағы
3. Айлакер, қу аң
4. Жансүгіров?
5. Білім беруші, жанашыр адам
Б о т а
к І т а п
т ү л к І
і л и я С
м ұ ғ а л і м
«Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық» демекші, «Өнерпаз болсаң арқалан» деп аталатын кезеңіміз бойынша әр топтың өнерлерін тамашалайық!
Қорытынды
Құрметті: Оқушылар, ұстаздар!
Бүгінгі білім сайысымыз өз мәресіне жете келді. Сайыс болған жерде әрине жеңіс те болады, жеңіліс те болады. Ендеше бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз тобын анықтауымыз қажет. Олай болса, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей келе құрметті «Жас қыран» және «Алғырлар» тобының ойыншылары әрқашан бүгінгідей ынтымағы мен бірлігі жарасқан, білімі мен парасаты асқан, болашағы зор байтақ еліміздің арқа сүйер ұл - қыздары болыңыздар!
Қадірменді ұстаздар! Сіздерге де уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!
Білім мен парасат сыны
Тақырыбы: «Білім мен парасат сыны» (сайыс сабақ)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз606 қаралым
#салт дәстүр#бес дұшпан#төрт түлік#сайыс сабақ бастауыш сынып#бес асыл іс#қаза ғарышкері
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

