Математика (1 – сынып)
Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.
Білімділік мақсаты: СТО стратегияларын пайдалана отыра оқушылардың алған білімі мен біліктілік дағдыларын тиянақтау, бекіту.
Дамытушылық мақсаты: Пысықтау, тексеру арқылы сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Ұлттық тәрбие беру, ұйымшылдыққа баулу.
СТО стратегиялары: Психологиялық дайындық, «Ой толғаныс», «Ой қозғау», тест, топпен жұмыс, Венн көрсетуі, ассоцация, миға шабуыл, ойындар.
Көрнекіліктер: Тест, ақ сүйек суреті, Қожанасыр бейнесі мен асықтар, жеті ата таратылып жазылған ағаш суреті, есеп сызбасы.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық даярлық. Оқушылардың бір - біріне, мұғалімге қарап жымиюын өтіну. Сабаққа деген ынталарын байқау.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Ой толғаныс» стратегиясы. Құрастырып келген математикалық өлең жолдарын, санамақтарын оқыту.
ІІІ. Жаңа сабақ – білім бекіту.
Топқа бөлу.
Тест (әр баланың белгілеуін хабарлау).
«Ой қозғау», «Ақ сүйек» ойыны арқылы плакаттағы мысалдарды ауызша орындайды (жарыс).
8+4
4+8
9+4
4+9
12 - 4
12 - 8
13 - 4
13 - 9
Ең алғашқы жеті ата «әке» сөзі ашылады.
4. Ассоцация құру.
7
↓
күн
ата
керемет
ғашық
шелпек
ғалам
5. Қожанасырдың асығындағы теңдеуді шешу.
4+а=11;
11 - а=4;
а - 4=7
Ағаштан «бала» сөзі ашылады.
6. Себеттегі жемістердің артындағы тапсырмаларды орындау арқылы « немере» сөзі ашылады.
7. Сергіту сәті. Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш.
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоқ әлі еш сыбыс.
Жоғалды бес шыбыш.
Осы кезде келесі сөз «шөбере» ашылады.
8. Кітаптағы 4 - есеп оқылып, талданады. - Тақтаға есептің сызбасы ілінеді. Екі топтан екі бала келіп шешуін, жауабын жазады.
«Шөпшек» сөзі анықталады.
9. Венн көрсетуі. 10 саны мен 100 санын салыстырады. «Немесе» сөзі ашылады.
10. Миға шабуыл.
Маратта бар 5 іні,
Мұратта бар 2 іні.
Қоссақ 5 пен 2 - ні,
Болады екен неше іні?
Көлден ұшты 7 қаз,
Қайтып қонды 2 қаз,
Қонбады оның нешеуі?
«Туажат» сөзі ашылады.
ІV. Қорытынды. Екі топтың жинаған ұпайлары саналады.
Ағаштан таралған жеті атаны қайталайды: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немесе, туажат.
V. Үйге тапсырма. Математикалық жұмбақ есеп құрастыру.
VІ. Бағалау. Мадақтау.
Білімді тиянақтау
Математика (1 – сынып)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз501 қаралым
#ашық сабақ#білімді тиянақтау#математика 1 сынып#сто стратегияларын пайдалану
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

