Microsoft корпорациясының тең құрылтайшысы Билл Гейтс жасанды интеллект бұрын-соңды болмаған ауқымда зиян келтіретін құралға айналуы мүмкін деп мәлімдеді. Кәсіпкер NBC News телеарнасына берген сұхбатында қаскөйлер жасанды интеллектің озық технологияларын пайдаланып, миллиард адамның өліміне әкеп соғатын оқиғаларды бастауы ықтимал екенін ескертті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Жасанды интеллект миллиард адамның өліміне әкелетін оқиғаларды басқаруға әбден қауқарлы. 100 пайызға жету қиын болғанымен, зұлым ниеттегі адамдардың жасанды интеллектің озық құралдарын біріктіріп қолдануынан қуатты қару болған емес», — деп келтіреді Гейтстің сөзін NBC News.

Кәсіпкердің пікірінше, әзірлеушілер қауіпсіздік ережелерінің барлығын өз бетінше белгілемеуі керек. Ол АҚШ билігін жасанды интеллектіге міндетті бақылау талаптарын енгізуге және талқылауға заң шығарушылар мен құқық қорғау органдарын тартуға шақырды.

«Өзін-өзі реттеу жеткілікті деп ешкім ойламайды», — деді Гейтс.

Ол міндетті бақылау компаниялардан қосымша шығын талап ететінін, бірақ технологияның дамуын айтарлықтай тежемеуі тиіс екенін қосты. NBC News сұхбаттың толық нұсқасын 27 қыркүйекте көрсетуді жоспарлап отыр.