ӨлеңдерБір биге
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 26 сәуір733 қаралым
Ә, биіміз, биіміз,
Түрленіп қапты үйіңіз,
Тым-ақ тәуір күйіңіз.
Байқаймын, мол ғой, тегінде,
Алатын елден сыйыңыз.
«Сен» деп сізге не дейін,
Тамұқта мәңгі күйіңіз!
#өлеңдер#қазақша өлең#мағжан жұмабаев өлеңдері#мағжан жұмабаев#бір биге