Математика
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды бір және екі таңбалы сандармен таныстыру. Өтілген сандардың құрамын қайталау. 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту амалдарына есептер шығара білуді үйрету.
2. Дамытушылық: Жүйелі ойлауға үйрету. Оқушылардың ой - өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыпты, таза дұрыс жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сандар қатары, суреттер, мысалдар
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.- 10 санын қалай шығарып алдық?
- 10 саны қандай сандардың қосындысы?- 10 саны қай сандардан артық?
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
0 - 10 - ға дейінгі сандар қатарын санау, кері санау.
Бір таңбалы сандармен таныстыру, 10 екі таңбалы сан.
Сандардың бір таңбалы және екі таңбалы болып аталуын түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма.
Әйнекшелердің орнына тиісті сандарды қою
4 6 8 10 3 5 7 9 0 3 6 9
0 3 6 9 4 6 8 10 1 4 7 10
№2 тапсырма.
Сандарды салыстыру
0 0
9 9
№3 тапсырма.
Салыстыру (тақтада орындалады)
10см=1 дм
1дм=10 см
9см <1>1>
10 см=1 дм
VІ. Сергіту сәтін ұйымдастыру
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
Қосымша дәптермен жұмыс
1 тапсырма. Сандар тізбегін дұрыс табу
4 тапсырма. Сурет бойынша өрнек құрастыру
2+6=8
8 - 4=4
10 - 5=5
2+3=5
Тақтамен жұмыс. Сурет бойынша өрнек құрастыру, мәндерін табу
Шығармашылық жұмыс: Мұқият бол ойынын ұйымдастыру.
Өтілген сандарға байланысты цифрлардың қандай дыбыстардан басталғанын табу.
Оқушылар тақтада аталған санның бас әрпін табады.
№5 тапсырма.
Өрнектердің мәндерін табу
Кел ойнайық!
Математикалық тізбектер - ауызша орындалады
2+1+4 - 5+8=10
7 - 6+5 - 4+3=5
10 - 5+3 - 4+6=10
ҮІІ. Сабақты бекіту. «Кім жылдам?»- ойынын ұйымдастыру.
Берілген мысалдар бойынша оқушылар өрнектің мәндерін табады
Бір таңбалы сандар және екі таңбалы сан туралы түсінгендерін сұрау.
VІІІ. Сабақты қорытындылау:
Оқушыларға ауызша сұрақтар беріледі. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма
Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз705 қаралым
#бір таңбалы сан#екі таңбалы сандар#сандар әлеміне саяхат#сабақ жоспары математика
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

