Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: 1
Тақырыбы: Бір уыс мақта
Сабақтың мақсаты: Әңгімені қатесіз, буындап және түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын айта білуге баулу.
1. Шешесі қызына қандай ақыл айтқанын түсіндіре отырып, Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәліметтер беру.
2. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың сөздік қорын молайту және қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Өмірмен байланыс, еңбекке баулу, бейнелеу өнері.
Жүргізу әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілік, түсіндіру.
Көрнекі – құралдар: Оқулық, тақта, магниттік тақта, кеспе әріптер, сюжетті суреттер, Абай және Ы. Алтынсаринның суреттері, мақта түрлері, тірек – сызба.
Сабақтың барысы: І Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме?
- Кім кезекші?
- Оқушылар түгел ме?
- Үйге не берілді
-
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
- «Әсемпаз болма әрнеге» жаттау
- «Сегіз аяқ» оқу
- Сұрақтарға жауап алу. Мынау кім? Абай кім және қандай?
ІІІ. Логикалық сұрақтарға жауап алу.
1. 2 + 2 = 0
2. Далада қар еріп, гүл өсіп тұр.
3. Апайлар үстеріне қызыл көйлек киіп алған
4. Мынау көмір ме? (қолыма мақтаны ұстап көрсетіп сұраймын)
5. Мақтаның түсі жасыл ма?
6. Осы мақта не үшін керек?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
2. Оқулықтағы суретпен жұмыс.
3. Әңгіменің авторы Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәліметтер беру.
Қостанай облысы, Қостанай ауданында. туған.
Тұңғыш Ақын
мектеп ашқан
Шығармасы көп
Ағартушы Шығармалар
педагог аударған
Жазушы
4. Сергіту сәті. Түнімен қар борапты,
Көрмей қалдық неге біз?
Бәрін аққа бояпты,
Сайрап жатыр талай із.
5. «Бір уыс мақта» әңгімесін сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру.
А
ә
б
в
6. Сұрақтарға жауап алу.
7. Дәптермен жұмыс.
Мақтадан не жасауға болады? (Оқушылардың жауабы тақтаға және дәптерге жазылады).
8. Сергіту сәті. Мойнына моншақ іліп ап,
Мысық жатыр пырылдап.
Маңына маса келіп қап,
Мазасын алды ызыңдап.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
Біз бүгін не білдік? Сабақ сіздерге ұнады ма?
Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды ауызша бағалап, мақтап өту.
ҮІ. Үйге тапсырма беру.
- «Бір уыс мақта» оқу және мазмұнын айту.
- Еңбек тақырыбына бір мақал немесе мәтел жазып келу.
Бір уыс мақта
Тақырыбы: Бір уыс мақта
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз920 қаралым
#Ыбырай Алтынсарин#сауат ашу#сауат ашу пәні#бір уыс мақта
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

