Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бірден іске кірісуді әдетке айналдырудың 7 әдісі

Өз мамандығында табысқа жеткен адамдар ортақ бір қасиетке ие – олар әрекет етеді және нәтижеге қол жеткізеді. Бұл қасиет ақыл-парасатты, дарын, өз табысыңды анықтай алу мен табысқа жету қарқынын да басып озады.

Айтуға оңай болғанымен, кейбір адамдар ғана нәтижеге қол жеткізе алады. Әрекет етуге дағдылану – идеяларды іске асыруды әдетке айналдыру – нәтижеге қол жеткізудің негізі. Төмендегі 7 әдіске назар салыңыз.

1. Қолайлы жағдайды күтпеңіз

Егер қолайлы жағдай тусын деп күтетін болсаңыз, онда, бәлкім сіз ешқашан іске көшпейсіз. Біресе таңдаған уақытыңыз дұрыс емес, біресе нарық тұрақты емес, біресе бәсекелестік тым жоғары. Әрдайым бірдеңе кедергі болады да тұрады.

Шынайы әлемде іс бастауға қолайлы уақыт жоқ. Сіз әрекет етуді бастау керексіз және туындаған мәселелерді шешу керексіз. Ең қолайлы уақыт былтыр болған. Екінші мүмкіндік – дәл қазір.

2. Істің адамы болыңыз

Істі ойлап емес, жасап жаттығыңыз. Спортпен шұғылдануды бастағыңыз келе ме? Жаңа тіл үйренгіңіз келе ме? Дәл бүгін соның сәті түсіп тұр. Идеяны ойлап жүре берген сайын ол әлсірей түседі. Екі күннен кейін егжей-тегжейлері ұмытыла бастайды. Бір аптадан кейін ол ойыңыздан тіпті айнып қаласыз. Істің адамы болсаңыз, көп нәрсені іске асырасыз және жаңа идеялардың пайда болуына ықпал етесіз.

3. Идеялар өздігінен табыс әкелмейтінін ескеріңіз

Идея өте маңызды, бірақ оларды іске асырғанда ғана құнды болады. Бір іске асырылған идея өз уақытын күтіп жүрген мыңдаған керемет идеяға татиды. Егер сіздің идеяңыз болса және оған сенімді болсаңыз, әрекет етіңіз. Іске кіріспесеңіз – бір орында тұра бересіз.

4. Қорқынышты жеңу үшін әрекетті пайдаланыңыз

Көпшілік алдында сөйлеудің ең қиын бөлігі – өз кезегіңді күту екенін байқадыңыз ба? Тіпті маманданған шешендер мен актерлер де өнер көрсетер алдында қобалжиды. Олар сөйлей бастағанда, қобалжу жоғалады.

Әрекет ету – қорқынышты қашырудың ең үздік тәсілі. Бірінші рет әрекет етіп бастау – ең қиыны. Бастап кетсеңіз, өзіңізге сеніміңіз артады, біртіндеп оңай бола түседі. Әрекет ету арқылы қорқыныштан арылыңыз және сенімділікпен табысқа жол бастаңыз.

5. Автоматты түрде шығармашылық механизмін қосыңыз

Шығармашылық процесске қатысты ең қорқынышты қателік – шабыт бар кезде ғана жұмыс өңеді деп ойлау. Егер сіз шабыт келетін күнді күтіп жата беретін болсаңыз, онда сіз сирек және үлкен үзіліспен жұмыс істейсіз.

Күтіп жүре бергенше, шығармашылық механизмін автоматты түрде қосыңыз. Егер сізге бірдеңе жазу керек болса, отырыңыз да, жазыңыз! Қолыңызға қалам алыңыз. Ойыңызға не келеді, бәрін жазыңыз. Таныс қимыл-қозғалыстарды жасаумен мидың жұмысын дұрыс бағытқа саласыз.

6. Осы шақта өмір сүріңіз

Тап осы шақта не істей алатыныңызды ойлаңыз. Бір апта бұрын не істеу керек болғаныңызды ойлап немесе ертең не істеу керегіңізді ойлап, уайымдамаңыз. Сіз тек тап осы шақты ғана өзгерте аласыз. Өткен мен болашақты ойлай беретін болсаңыз – ештеңеге қол жеткізбейсіз.

7. Бірден іске кірісіңіз

Әдетте адамдар әңгімелесуді жақсы көреді, тіпті кішігірім әңгімелесу іскерлік кездесулердің негізіне айналып барады. Бұл өзі жалғыз жұмыс істейтін адамдарға да қатысты. Маңызды жұмысқа кіріспес бұрын, пошта жәшігі мен RSS-ридеріңізді қаншалықты жиі тексересіз?

Егер сіз осындай заттардан бас тарта алмайтын болсаңыз және іске бірден кірісуді үйренбесеңіз, назарды басқа жаққа аудартатын бұл заттар сізге қымбатқа түседі. Бірден іске көшетін адамға айнала отырып, сіз өзіңізден өнімділіктің көзін табасыз, ал басқалар сіздің бойыңыздан көшбасшылық қасиетті байқай бастайды. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама