Қазақстанның Ұлттық банкі бірыңғай QR-кодты енгізуге қатысты «Ұлттық банк басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасын жария талқылауға шығарды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланған. Жоба қабылданған заңдарға сәйкес нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, «Оңалту және банкроттық туралы» заң аясында әрекет ететін әкімшіге ағымдағы шот ашу үшін қажетті құжаттар тізбесі нақтыланады, оған борышкердің мүлкін сатудан түскен қаражат есептелетін болады.

Сонымен қатар, өзгерістер алименттерді үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан қорғау тәртібіне қатысты. Ұлттық банкте бұл шара азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталғанын түсіндірді: кәмелетке толмаған балалар мен еңбекке қабілетсіз адамдарды асырауға арналған алимент алушылардың шоттары банктердің мерзімі өткен қарыздар бойынша өндіріп алуынан ғана емес, сот орындаушыларының өндіріп алуынан да қорғалатын болады.

Сондай-ақ, банкаралық мобильді төлемдер жүйесін дамыту аясында жүйенің жаңа сервистерін дамытуға және жеке тұлғалар арасындағы операциялар лимитін арттыруға бағытталған өзгерістер енгізілуде. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл банкаралық сервистердің халыққа қолжетімділігін арттырады.

Жоба 1 қыркүйекке дейін жария талқылауға шығарылған.