«Біз күштіміз, біргеміз»
«Белсенді жаттығу – денсаулық сақтау кепілі» ұранымен өтетін денсаулық фестивалі – 2014 жылдық эстафеталық сайысы.
Қатысатындар: 5 - 6 сынып
Топ құрамы: 3 ұл, 3 қыз
Ұпайлық өлшем:
Мақсаты: Салауатты өмір сүрумен демалыс ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: ұйымшылдықты, тәртіптілікті, саналықты және белсенділікті тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың бойында күштілік, ептілік, төзімділік қабілеттерін дамыту
Керекті құрал - жабдықтар: 4 баскетбол добы, 4 секіртпе, 4 қап, 1 арқан, 1 ысқыруық, 1 уақыт өлшегіш, 20 кеглілер, ұпай көрсеткіш.
Топтық шеру, сапқа тұру, рапорт берілуі, әнұран, құттықтау сөз.
Жарыстың шартымен таныстыру:
1. Топ аты: айтып таныстыру,
2. Ұраны: топ болып айту,
3. Эмблема.
Ойын түрлері:
Допты себетке.
Шарты: допты қағып жүгіріп келіп тоқтап, допты себетке лақтыру
Секіртпемен секіру.
Шарты: секіртпемен секіре жүгіріп, кеглілер арасымен өтіп, белгіленгін жерден айналып келу.
Мықты тақым.
Шарты: допты аяққа қысып, жүгіріп немесе секіріп межелі жерді айналып өтіп, допты топ мүшелеріне жеткізу
Кенгуру.
Шарты: қапты қос аяғына киіп алып, қапты екі жағынан ұстап, секіре басып, межелі жерді айналып, келесі ойыншыға қапты беру
Кім алысқа секіреді.
Шарты: бірінші ойыншы орында тұрып, ұзындыққа секіріп, түскен жерден екінші ойыншы жалғастырады, сөйтіп жалғаса береді
Арқан тартыс.
Шарты: екі топ белгі берісімен тартысады.
Қорытынды: Сөз әділ қазылар алқасына беріліп, жалпы ұпай сандары есептеліп, 1, 2, 3 - ші орын алған командалар марапатталады.
Біз күштіміз, біргеміз!
«Біз күштіміз, біргеміз»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз612 қаралым
#дене шынықтыру#денсаулық сақтау#ойын сабақ#денсаулық фестивальі#эстафеталық сайыс
Ұсынылады
Кіші футбол мектепішілік жарыс
39 «Қызылөзек» орта мектебінде 29 қазан мен 3 қараша аралығында «Қызылорда қаласына - 200 жыл, Астана қаласына - 20 жыл толуына орай» күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Сабақтың тақырыбы: Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс
"Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

