Пәні: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу - іс әрекеті: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Өткен тақырыптарға шолу жасай отырып, алған білімдерін қорытындылау. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауыз екі сөйлеуге дағдыландыру, қалыптастыру.
Үлкенді сыйлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Әдіс - тәсіл: түсіндіру, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
Балалар сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз жаттығу жасап, көңілімізді көтерейікші
Күннің көзі ашылып
Күн шуағы шашылсын
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал ендеше бәріміз
Сәлем берейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,..
- Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше өтпекші өйткені бізге көптеген қонақтар келіп қатысып отыр. Сендерге мынандай сұрақтар қойғалы отырмын.
- Біз балалар қайда тұрамыз?
- қандай шағын орталыққа келеміз?
- тобымыз қалай аталады?
- Директор ағайдың аты - жөні кім?
- Нешінші сыныпқа барамыз?
Жұмбақ жасырамыз:
Білімнен мол сый - асы
Балғындардың ұясы
(Мектеп
- Олай болса біз мектепке дайынбыз ба сол білімімізді тексерейік
- Қане, балалар мектепке бару үшін бізге не керек болады?
- Портфель керек екен
- Сол портфельге не саламыз?
Ойын кезеңі: «Оқу құралдарды жинастыру» Сөмкеміз дайын болды
- Енді бізге не салу керек
- Оқулықтар
Осы кезде есік қағылады ішке сыйқырлы қорабы бар сиқыршы кіреді
Балалар 1 сыныпқа баратын кітаптарыңды мен сыйқырлап тастадым тапсырмаларымды орындасаңдар кітаптарыңды қайтарып беремін
- Балалар жарайды орындаймыз
1-тапсырма: конверттерде салынған суреттер оларды құрастырып сөйлем құрастырамыз
Мектеп, кітап, сызғыш, бала
Қарапайым математика бойынша
2-тапсырма: шарларға жазылған есептердің жауабын табамыз
3+2
10+6
20 - 10
12 - 2
Жарайсыңдар балалар сиқыршыны қуантып тастадық
Келесі сергіту сәті орындалады музыка ырғағымен «балапандар биі»
Сиқыршының келесі тапсырмасы «Ұйқасын тап» деп аталады.
Ендеше мұқият тыңдаймыз
Сауат ашу бойынша білімдерін тексеру
Жазу үшін саған
Қажет қағаз........ қалам
Қалам сөзін буынға бөлеміз және орынымызда текшелермен жұмыс жасаймыз
Неше әріп, неше дыбыс бар екенін табамыз
Көркем әдебиет бойынша білімдерін көрсету
Келесі тапсырма «Ойлан тап» кубиктерден ертегілер кейіпкерлерін көрсетемін қайсы ертегі екенін тауып, не болуы мүмкін
Егерде.....
- Бауырсақ болсаң не істер едің?
- адамдар құстар сияқты ұшатын болса...
- үйшікті кімдермен салар едің?..
- Маша қыз болсаң не істер едің?...
Балалар пікірлерін ойланып айтады
Слайдпен тапсырмалар
Не жасырылған
№ 45 бейімделген орта мектебі КММ
«Айгөлек» шағын орталығы
Өткізген: Сахытова Г. М.
Біз мектепке барамыз. жүктеу
Біз мектепке барамыз
Пәні: Сөйлеуді дамыту
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз538 қаралым
#біз мектепке барамыз#сөйлеуді дамыту#ауыз екі сөйлеу#мектеп туралы түсінік
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

