Жамбыл облысы,
Кордай ауданы, Сарыбулак селосы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Сулейманова Салтанат Мырзашовна
Математика 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Біз нені үйрендік?
Сабақтың мақсаты:
1. Бүгінгі сабақтарда біз өткен сабақтардан алған білімдерімізді пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
2. Логикалық ойлау белсенділігін арттыру.
3. Есептер шығару арқылы шапшаңдыққа, тапқырлыққа жылдам ойлауға үйрету.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, ойын түрінде жүргізу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, сөзжұмбақ шешу, суреттер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру құрылымы
Психологиялық дайындық
Қане, біздер ойлайық,
Ойымызды жинайық
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жаңа сабақ
Біз нені үйрендік?
2. Оқулықпен жұмыс.
Санауды үйрендік.
№1 мысал
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90, 100.
3. Математикалық диктант.
3+2=
5+3=
7+3=
8+2=
10 - 4=
9 - 3=
20+30=
30+10=
4. Қасқырдың тапсырмасы: Салыстыру №1 мысал
5*9
70*50
90*90
6*3
50*70
7*70
6+3*7+150*50
10 - 2*9+1
5. Сөзжұмбақ шешу.
1. Бір аптада неше күн?
2. 9 бен 4-тің айырмасы неге тең?
3. «Артық» ұғымына қарсы ұғым
4. Қыстың соңғы айы.
«Ойлан тап». Қане бәріміз қарап суретке есеп құрастырамыз
Алма - 8 -? артық
Құлпынай - 6
6. Сергіту сәті:
Ал санайық, санайық,
Санын біліп алайық
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу
Қолымда сонда саусағым нешеу?
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.
7. Логикалық тапсырмаға жауап алу
1. Екі сиырдың мүйізі нешеу?
2. Бір мысықтың аяғы қанша?
3. Үш адамның қолы нешеу?
4. Шаянның неше аяғы бар?
8. Өз бетімен жұмыс. «Балық аулайық».
9. Геометриялық фигураларды ата.
10. Түлкінің тапсырмасын орындау
Теңдеуді шеш:
10 - а=8
4+а=7
а+2=8
11. Психологиялық тренинг.
12. Жолаушыларды шығарып салайық.
Есептер шығару.
13 Сабақты бекіту
1. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
2. Несімен ұнады?
3. Не үйрендік?
4. Қандай тапсырмалар орындадық?
14. Үйге тапсырма 190 бет №2
Біз нені үйрендік?
Кордай ауданы, Сарыбулак селосы.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз573 қаралым
#ашық сабақ бастауыш математика#математика 1 сынып сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

