Сауат ашу 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Біздің кафеде. Буын
Сабақта негізделген оқу мақсаттары: 1. 1. 4. 1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау
1. 3. 7. 1 мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
1. 1. 9. 3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақта күтілетін нәтиже: Барлығы: Сөздің буыннан тұратынын түсінеді және сөздегі буын санын анықтайды.
Көбі: Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем мәтінді тексеру және қателерін түзету.
Кейбірі: Мәтіннің мазмұнын тақырыбы неме иллюстрациясы бойынша болжау.
Жетістік критерийлері: Мәтінді тақырыбы бойынша болжайды. Мұғалім көмегімен қателерін түзетеді. Сөздегі буын санын анықтайды және жазады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушылардың бір – біріне құрмет көрсетуіне, патриоттық ұлтжандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Математика, музыка
Тілдік мақсат: Кафе, сөз, буын
Алдыңғы білімдер: Дыбыстарды, дауысты дыбыс түрлерін, буындардың негізділігі меңгертіледі.
Сабақтың басы
Ынтымақтастықты қалыптастыру 4 мин
Ширату:
1. Қайырлы таң, ұстаз!
Қайырлы таң, достар!
Шеңберге тұрайық,
Жылулық сыйлайық.
2. Добрый утро, учитель!
Добрый утро, друзья!
Посмотрите друг – друга,
Пожелайте добра.
3. Good moning, good moning!
Good moning to you,
Good moning, good moning!
We glad to see you.
Сыныпты топқа бөлу:
1 – топ: «Жемістер»
2 – топ: «Көкөністер»
Өткенді пысықтау: 6 мин
Ойын: Кім жылдам?
Баспалдақ арқылы фигураларға жазылған сұрақтарды оқып, «білім шыңына» жету. Жасырынған сөйлемді оқу
«Білім шыңы»
«Жемістер»
1. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
2. Жуан дауыстыларды ата.
«Көкөністер»
1. Кітап сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2. Жіңішке дауыстыларды ата.
Қандай сөйлем таптық?
«Білімді ұрпақ – ел тірегі»
«Біз білімді болып, елімізге үлес қосайық»
Сабақтың ортасы:
12 мин
Сұхбаттасу:
Әли мен Мерейдің әңгімесін тыңдату
Әли: Мерей сен кафе туралы не білесің?
Мерей: Әли кафеде адамдарға қызмет көрсетіледі, тапсырыс бойынша тамақтар берілетін орын.
Әли: Кафеде кімдер қызмет етеді?
Мерей: Аспазшылар мен даяршылар жұмыс істейді.
Әли: Мерей сен кафеге бардыңба?
Мерей: Жоқ, кафеге үлкендермен бару керек.
Әли: Рахмет, Мерей
(Сурет көрсету)
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Мұқыр ауылы
Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ - нің бастауыш сынып мұғалімі
Мендигалиева Нургул Ажибаевна
Біздің кафеде. Буын. жүктеу
Біздің кафеде. Буын
Сабақтың тақырыбы: Біздің кафеде. Буын
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз544 қаралым
#буын#қысқа мерзімді жоспар#сауат ашу 1 сынып#жаңартылған бағдарлама бойынша құрылған сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

