Bloomberg басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, Ұлыбритания премьер-министрі Энди Бернемнің АҚШ-тың Иранға соққы беруі үшін британ әскери базаларын пайдалануды мақұлдағанын хабарлады. Бұл туралы NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды, деп мәлімдейді infohub.kz.
Шешім бұрынғы премьер-министр Кир Стармер өткізген кеңестен кейін қабылданған.
Кеңесте министрлер АҚШ-қа Үнді мұхитындағы Диего-Гарсия базасы мен Англиядағы Фэйрфорд (RAF Fairford) әуе базасын Иранның зымыран қаупіне және Ормуз бұғазындағы кеме жүзуіне төнетін қауіп-қатерге қарсы операциялар үшін пайдалануға мүмкіндік беретін қолданыстағы саясатты сақтап қалуға келісті.
Ал осы аптада қызметіне кіріскен Бернем талқылау қорытындыларымен танысып, қабылданған шешімді қолдады.
Басылым Лондон бұл базаларды қорғаныс базалары деп санайтынын атап өтті.
Қазір британ базалары АҚШ-тың Иранға қарсы әскери операциясының ағымдағы кезеңінде пайдаланылуы мүмкін деп болжануда.
Айта кетейік, жақында Лейбористер партиясының жаңа көшбасшысы Энди Бернем Ұлыбритания премьер-министрі болып ресми түрде тағайындалды. Ол король Карл III-мен кездесті.


