Infohub.kz сайтының хабарлауынша, Алматының Медеу ауданында BMW көлігінің жүргізушісі басқарудан айырылып, музей алдындағы алаңға шығып, үлкен сәндік сфера түріндегі көше арт-нысанын соғып кеткен.

Бейнебақылау камералары соқтығысудан бірнеше секунд бұрын көліктің Аль-Фараби даңғылымен шығыс бағытта қозғалғанын тіркеген. Жүргізуші басқа көліктердің арасынан өтуге тырысып, күрт маневрлер жасаған. Бір сәтте ол басқарудан айырылып, жолдан музей алаңына ұшып шығып, сәндік сфераға соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. Олар медициналық көмекке жүгініп, дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілді.