Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы XX жазғы Азия ойындарында қазақстандық боксшы Наталья Богданова ұлттық құраманың қоржынына тағы бір жүлде салды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әлемнің қазіргі чемпионы 75 килоға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, турнирді тікелей ширек финалдан бастады. Бұл кезеңде оның қарсыласы Өзбекстан намысын қорғайтын Азиза Зокирова болды — әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегері.

Бірінші раундта барлық төрешілердің карточкасында қарсылас басым түсті. Алайда содан кейін Богданова бастаманы өз қолына алып, төрешілердің бөлінген шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша қазақстандық спортшы жартылай финалға шығып, кемінде қола медальді қамтамасыз етті. Шешуші жекпе-жекке шығу үшін ол Үндістанның өкілі Ловлина Боргохайнмен кездеседі.

Наталья Богданова — 70 килоға дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлемнің қазіргі чемпионы. Халықаралық World Boxing федерациясы оны 2025 жылдың үздік қыз-боксшысы деп таныды.

2022 жылы Ханчжоуда өткен өткен Азиадада қазақстандық спортшы пьедесталға көтерілген болатын: ол кезде 66 килоға дейінгі салмақта қола жүлдеге қол жеткізген.