Атышулы әнші Төреғали Төреәлі өнер жолын доғаратынын хабарлады. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында қысқа әрі нық мәлімдеме жариялаған.

 “Болды. Мен бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам – үнсіз”, – деп жазды әнші.

Төреғали Төреәлі – соңғы жылдары түрлі даулы оқиғалармен жиі көзге түсіп, халықтың назарынан түспеген шоу-бизнес өкілдерінің бірі. Оның сахнадан кету туралы шешімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.