Ғалымдар жүз жылдан кейін алғаш рет Боливияның Анд тауларындағы тұманды ормандарда мекендейтін мысық тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректілердің жаңа түрін анықтап, сипаттады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл ерекше жануардың салмағы небәрі бір жарым келі, денесінің ұзындығы шамамен 46 сантиметр. Ақшыл жүнінде қара дақтары бар болғандықтан, оны ұзақ уақыт белгілі жолбарыс мысықтарымен шатастырып келген. Жергілікті тұрғындар бұл жануарды әлдеқашан біліп, оны тилькайо деп атаған. Алайда биологтар енді ғана генетикалық талдау жасап, оның мүлдем жаңа түр екенін растады. Жаңа түрге Leopardus tilcayo деген ғылыми атау берілді.

Ашылу тарихы Сенда-Верде қорығында басталды. Онда жергілікті тұрғын кішкентай жабайы мысықты үй мысығымен шатастырып әкелген. Түрдің ресми тіркелген жалғыз тірі өкілі — Тигрино деген он жасар аталық — әлі күнге дейін осы қорғауда тұрады.

Зерттеу көрсеткендей, бұл кішкентай мысықтар түнде жасырын өмір сүреді, ұсақ кеміргіштермен қоректенеді және жақын туыстарынан шамамен бір жарым миллион жыл бұрын бөлінген.

Бұл ашылу Оңтүстік Америка ормандарының сирек кездесетін тұрғындарын қорғауға назар аударуға көмектеседі. Ағаштардың кесілуі мен табиғи мекендеу ортасының жойылуы салдарынан бірегей кішкентай жыртқыштар жойылып кету қаупіне ұшырап отыр.