Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Бозторғай – дала сәні.
Мақсаты:
1. М. Бекбосынның «Бозторғай - дала сәні» әңгімесінің мазмұнын ашып, мәнін түсіндіру.
2. Мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тіл байлығын, сөйлеу мәнерін жетілдіру.
3. Қоршаған ортаны, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игерту
Әдістері: Дамыта оқыту технологиясының әдістері
Көрнекілігі: үнтаспа, мазмұнына байланысты суреттер, нақыл сөздер.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. «Құмдағы құпия» әңгімесі не туралы?
2. Темір шешесімен қайда барады екен?
3. Ол қандай қызық оқиғаға тап болды?
Мәтінге байланысты жаттап келген мақал - мәтел, жұмбақ, жаңылтпашты айту.
Қорытындылау.
ІІІ Қызығушылықты ояту
Үнтаспадан «Құстар дауысы» естіледі.
1. Ненің дауысын естіп тұрмыз?
2. Құстардың дауысын қою себебім, бүгін құстар тақырыбын жалғастырамыз.
3. Көктем жаршысы нелер?
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша 1 сәуір - Халықаралық Құстар күні болып белгіленді.
Поэзия минуты
1 - оқушы: Орманға бара жатқандар
Аңшылық дәмін татқандар
Өтінем түгел бәріңнен
Көктемде құсты атпаңдар!
2 - оқушы: Тіккен туы қазақтың
Күнге сәлем жолдасын
Қыран құсы қалықтап
Көк аспанды шарласын!
3 - оқушы: Көрікті көктемде құстар әні толастамасын
Шаттана шарықтаңдар, қанатты достар!
Мағынаны ашу
Оқулықпен жұмыс
1. Мәтінді түсініп оқу. «Бозторғай – дала сәні»
2.. Сөздік жұмысы Бұлбұл, тоты, аққу, сұңқар, мүлгіген
Жөн – жоралғы, көде.
Жаңа сөздермен сөйлем құрастыру.
3. Мәтінді бөліктерге бөлу. Жоспар құру.
Сергіту сәті.
4. Мәтіннен бозторғай туралы не білдің?
5. Энциклопедиядан алынған қосымша дерекпен жұмыс
- Неше түрі анықталған
- Қайда кездеседі
- Денесінің ұзындығы, салмағы, қанатының ұзындығы
- Ұясын қандай жерге салады?
- Немен қоректенеді?
6. Неліктен Бозторғай – дала сәні деп аталады?
ІҮ Ой қозғау
1 - топ Таң ата тіршілік әнін төгеді. Өзінің сайраған үнімен көңіл аудартады.
Адамдарға қандай тілек айтқандай болады деп ойлайсыңдар?
2 - топ. Бес жолды өлең «Бозторғай»
3 - топ Эссе. «Құстар – біздің досымыз»
Үй тапсырмасы:
Мәтінді түсініп оқу.
Құстарға байланысты қандай наным - сенімдер бар екенін анықтау.
Жұмбақтарды жаттау.
Бағалау.
Бозторғай – дала сәні
Әдебиеттік оқу 3 сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз423 қаралым
#әдебиеттік оқу 3 сынып#бозторғай дала сәні#құстар туралы бастауыш сыныптарына
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

