Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстерінің бағасы 3,11%-ға өсіп, барреліне 93,84 долларға жетті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұған дейін сауда сессиясы барысында котировкалар барреліне 95,47 доллар белгісіне жеткен еді. Нью-Йорк тауар биржасындағы (NYMEX) WTI мұнайының қыркүйектегі фьючерстері де 3,19%-ға қымбаттап, барреліне 87,03 доллар болды.

Екі марка да соңғы алты аптадағы ең жоғары деңгейде саудалануда. Себебі — Таяу Шығыстан мұнай жеткізудегі жаңа үзілістер қаупі.